ІІ. Сабақтың барысы.
Бірінші кезең: Мақсаты: жаңа білімді бұрынғы біліммен байланыстыра
отырып, өтілетін
материалды жеңіл, ұғынықты меңгеру.
Тірек тапсырма: (Ой қозғау). (Интерактивті тақтада жазылып тұрады).
Жұмбақтың шешуін табыңыздар.
Екі қолы селтеңдеп
,
Боксшы ма деп қаласың.
Секіргенде елпеңдеп,
Көре алмайсың қарасын.
Австралия – мекені,
Қане, қайсың табасың?
(Кенгуру)
Арқасында
тауы бар,
Иір мойыны тағы бар.
Шөлге төзіп, су татпай,
Жолға төзіп, шаршамай,
Жүре берер жануар. (Түйе)
Тауға
шықсаң қалың қар,
Сайға түссең қалың қар,
Байқаңдар қар астында
Ұйықтап жатқан
... бар. (Аю)
1. Жұмбақтың шешуіндегі сөздерді жалпы атауын не деп
атаймыз?
2. Олар туралы қандай мәліметтер білесіздер?
Демек, бүгінгі сабағымыз жануарлар дүниесі туралы болмақ.
Оқушылар шағын топтарға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: