Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет147/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   197
 
Сабақтың тақырыбы: Құстар класы  
 
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Жұмбақ, ырым-тыйым сөздердің мәнін ұғынуға, сол арқылы
құстардың пайдасын түсінуге, оларға қамқорлық жасауға, табиғатты сүюге
баулу.
ә)Білімділік: Құстардың алуан түрлілігі, тіршілігі туралы білім алып, ең
маңызды түйіндерді сызбаларға салуға, өзбетінше жұмыс жасауға, ойын 
еркін жеткізе білуге мүмкіндік беру. 
б) Дамытушылық: Топпен, жұппен, жеке жұмыс жасай отырып, еркін
ойлау, қиялдау және танымдық қабілеттеріннің ашылуына жағдау тұғызу.
 
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Кесте, сызба, жұмбақтар. 
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, сурет, қазақ тілі. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта 
 
Сабақтың кезеңдері: 
 І.Ұ йымдастыру кезеңі: Сабаққа бағыттау. 
Өзіміз туған, 
Көбелек қуған, 
Жадырап күндей, 
Жадырап гүлдей, 
Өлкеде өсіп, толамыз. 
Жалықпай оқып, 
Көңілге тоқып - 
Білімді адам боламыз. 
ІІ. Сабақтың барысы 
Бірінші кезең: Мақсаты: жаңа білімді бұрынғы біліммен байланыстыра 
отырып, өтілетін материалды жеңіл, ұғынықты меңгеру.
Тірек тапсырма: Ойын: «Артығын тап» 
Шарты: Мағыналас сөздер қатарынан артық сөзді сызып тасатайды. 
Мақсаты: Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау және оқушылардың 
белсенділігін арттырып, ойларын ширату. 
Көбелек, бал арасы, құмырсқа, торғай, маса; 
Бақа, қарлығаш, құрбақа, саламандра; 
Тасбақа, жылан, қолтырауын, тоқылдақ. 
Оқушылар артық сөздерді тауып, бүгінгі тақырыпты анықтайды. 
Енді, құстар туралы жаңылтпаштар айтып көрейік. 
Жаңылтпаш кімді жаңылтпас? 

Қара қарғаларға, 
Ала қарғалар үйір. 


Ала қарғаларға, 
Қара қарғалар үйір.

Бір ақ шымшық
Екі ақ шымшық, 
Үш ақ шымшық
Төрт ақ шымшық. 

Көк тырна, 
Көп тырна, 
Тыраулап тек 
Көп тұрма. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет