Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


Экранда ақын туралы мәлімет беріледі



Pdf көрінісі
бет72/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   197
Экранда ақын туралы мәлімет беріледі. 
 
ІІІ. Жаңа сабақ.Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда 
әрекеттер іске асады. 
Өлеңді түсініп, тиісті дауыс ырғағымен оқыңыздар. 
 
Ақ кимешек көрінсе 
Әже, сен бірге жүрсің, меніменен, 
Өліге мен өзіңді телімегем. 
Мақал – сөздің мәйегі 


Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем
Ақ кимешек астынан сені көрем. 
Өңі-түсі өзіңнен бір аумайды, 
Немересін ертпесе жүре алмайды. 
Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі, 
Көзіме оттай басылып, алаулайды. 
Аппақтығы ұқсайды әрінің де, 
Әжемнің де, аумайды тәлімің де. 
... Әлемдегі әженің бәрі бір ме?! 
Әже, сен тірі екенсің әлі күнге. 
Қия өтпейді... 
Ұқсайды ізеті де, 
(Ізетсізді бұлар да түзетуде.) 
Бұлар да бабасынан алып қалған
Өз жұртының дәстүрін күзетуде. 
Әже, сен бірге жүрсің, меніменен, 
Өліге мен өзіңді телімегем. 
... Ақ кимешек көрінсе, сені көрем, 
Ақ кимешек жоғалса ... 
Нені көрем?? 
Мұқағали Мақатаев 
Тапсырмалар: 
1.Өлеңді іштен жеке-жеке оқиды. 
2.Кезектесіп дауыстап оқиды. 
3.Түсінгендерін топта талқылайды. 
Сұрақтар: 
1. Ақын өлеңді қандай сезіммен жазған? 
2. Ақын өлеңнің соңғы шумағындағы
Ақ кимешек жоғалса ... 
Нені көрем? – деген жолдарында нені айтқысы келді деп ойлайсыздар? 
Топтық тапсырма: Өлеңді поэзиялық талдау жасау.(Жазылым, айтылым, 
тыңдалым іс-әрекеттері жүзеге асырылады). 
Экранда үлгі тірек сызба тұрады. Дәптермен жұмыс. 
1-топ 1,2,3-сатыларын талдап жазады. 
2-топ 4,5,6,7,8- сатыларын талдап жазады. 
3-топ 9,10,11,12-сатыларын талдап жазады.
Талдап жазып болған соң, экраннан талдау үлгісін көрсету. Топ мүшелері 
жұмыстарын тексеріп, салыстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет