Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет68/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   197
VIII. Қорытындылау. Мақсаты: өтілген материал бойынша қорытынды 
жасайды. Төмендегі критерийлер бойынша бүгінгі сабаққа ойтолғау жазу. 
1.Бүгінгі сабақ не туралы болды? 
2.Мен не үйрендім? 
3.Тағы да не үйренгім келеді? 
4.Менің қорытынды ойым. 
IХ. Үйге тапсырма. 1.Өлеңді жаттап, сатылай кешенді талдауға ауызша 
айтылым бойынша дайындалу. 
2. Кез келген өлеңді поэзиялық талдап жазып келу. 
Х. Бағалау. «Өзін-өзі бағалау». 
 
3-сабақ. 
Сабақтың тақырыбы: Практикалық сабақ (қайталау)
Сабақтың мақсаты: 
а) Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс жасау, бірін-бірі тыңдау, өзара пікір 
алмасу, көмектесу сияқты адами қасиеттерінің бойларына сіңіуіне жағдай 
жасау. 


ә) Білімділік: Алған білімдерін пысықтау, өмірде, амалда қолдана білуге 
жетелеу. 
б) Дамытушылық: Түрлі тапсырмалар арқылы ой-өрісінің, сөйлеу тілінің 
және іскерлік қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызу. 
Сабақтың түрі: Жүйелеу сабағы
Сабақтың технологиясы: «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық 
Көрнекілігі: Жұмбақтар, бағдаршам көздері,тірек сызба, түрлі кестелер 
т.б. 
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, музыка 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта 
 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату. 
Сабаққа бағыттау. 
Білім деген биік шың, 
Бақытқа сені жеткізер. 
Білім деген ақылшың, 
Қиындықтан өткізер.
Ой шақыру.
Жұмбақты шешіңіздер. 
Бір көзім, кідір - дейді, 
Бір көзім, жүгір - дейді. 
Бір көзім, абайла - дейді, 
Қарап ал маңайға, - дейді. (Бағдаршам) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет