Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет106/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   197
6.3. Артық. Бұл – Артық таңбасы > 
Жазылуы: 1>0. Оқылуы: Бір артық нөлден. Себебі, 
сандық сәуледе оң жақтағы сан сол жақтағы саннан 
артық болады. 
ІІІ. Сергіту сәті.
Алға қарай бір адым, 
Артқа қарай бір адым. 
Жоғары-төмен қарайық, 
Орнымызды табайық. 
Үшінші кезең: Бекіту. Мақсаты: білім алушылар өтілген материал жайлы 
ой толғайды, пікірлеседі, талқылайды осы әрекеттер арқылы ізденеді, 
зерттейді және шығармашылықпен өзіне қажетті білімді құрастырады, өз 
бағасын береді. 


ІҮ. Дәптермен жұмыс.  
Көркем жазу. 1 цифрының жазылуын ауызша айта отырып, дәптерге 
көркем жазу ( жеке). 
Топтық жұмыс: 
Бірінші топтың тапсырмасы. Суретті түрлі-түсті бояумен боя.( сурет) 
Екінші топтың тапсырмасы. Жәнгір теңізде дем алған кезде табиғат 
көрінісін бейнелеген 4 сурет салды. Оның үшеуін анасына сыйлады. 
Жәңгірде қанша сурет қалды? ( 4-3=1) 
Үшінші топтың тапсырмасы. Кірпінің екі шары бар еді. Бір шары 
жарылып қалды. Енді кірпінің неше шары қалды ? 
Төртінші топтың тапсырмасы. Экранда көрсетілген суреттен бір санын 
қатыстырып, есеп құрастырыңыздар. 
Ү. Төртінші кезең: Қорытындылау. Мақсаты: білім алушылар өтілген 
материалды қорытындылайды. 
Айтылым әрекеті арқылы «Жалғастыр» ойынымен бір санының 4,5,6 
сатысын баяндаңыздар. 
ҮІ. Рефлексия:
1. Сабақта нені үйрендіңіздер?
2. Сіздерге сабақ ұнады ма? 
3. Не қиын болды? ...Неге?. 
3-сабақ.
 
Сабақтың тақырыбы: 
 
1+1=2 өрнегін сатылай кешенді талдау
 
Сабақтың мақсаты: 
 а) Тәрбиелік: Оқушылар шағын топтар құрамында тиімді түрде жұмыс 
ұйымдастырады, 
шығармашылық 
атмосфераны 
қалыптастыруға 
атсалысады, бір-бірінің пікірлерімен санасады,бір-біріне жәрдемдеседі. 
ә) Білімділік: Қосу амалын, мағынасын, оның сандық сәуледе 
кескінделуін, қасиетін амалдарды орындау арқылы білімді өз беттерінше 
алуға мүмкіндік жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет