Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет122/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

10-сабақ. 
 
Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің терімділік қасиеті 
 
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Топ мүшелері оқу материалын меңгеруге бір-біріне 
жәрдемдесе отырып, нақтылыққа, тиянақты жауап беруге бағыттау. 
ә) Білімділік: Әртүрлі тапсырмалар орындау арқылы, көбейтудің 
терімділік қасиетін есептеулерде қолданудың тиімділігін түсінуге
жағдай жасау. 
б) Дамытушылық: Ойлау логикаларын дамытуға жағдай жасалынады, 
өздіктерінен жұмыс істей білуге дағдыланады. 
 
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру ( «Жұлдызды сағат»). 
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Ойынға қажетті дидактикалық материалдар. 
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер. 
 
Сабақтың кезеңдері: 
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау 
Шырылдайды қоңырау, 
Біз сабақты бастаймыз. 
Партамызға отырып, 
Өзара көз тастаймыз. 
Табыс тілеп көзбенен – 
Жаңа білім алуға 
Алға қадам аттаймыз. 
«Жұлдызды сағат» ойынының ережесімен таныстыру. 
«Жұлдызды сағат» - сын сабақ, 
Жұмбақты шешіп, ойна күл. 
Білімдіден мол талап, 
Күтіледі оны біл! 
Ал ойыннан қалмайық, 
Жұлдызсыз мүлдем болмайық. 
Сынып геометриялық фигуралар арқылы үш топқа бөлінеді. 
Үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы. 
1. Таныстыру сәті. Әр топтың жетекшілері өз тобын таныстырады. 
Төртбұрыш: төрт төбесі,төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. 
Үшбұрыш: үш төбесі, үш бұрышы, үш қабырғасы бар. 
Шаршы: төрт төбесі, төрт бұрышы, төрт қабырғасы бірдей. 


ІІ. Ой жинақтау. Мақсаты: өтілетін материалды жеңіл, ұғынықты 
меңгертуге дайындау. ( ребус көбейту) 
Көбейту амалына сатылай кешенді талдау жасау (айтылым). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет