Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет180/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

ІV. Дәптермен жұмыс.
Үлгі: 
Тақырыбы:Бұлшық еттер 
1.Анықтама. Бұлшық ет - біздің қозғалуымызға мүмкіндік беретін дене
мүшесі. 
2.Тану. 2.1 Адам денесінің жарты салмағын бұлшық еттер құрайды. Біздің 
денемізде 640-қа жуық бұлшық ет бар. Олар үнемі бір-бірімен тығыз 
байланыста болады...... 
2.2.Құрылысы. Бұлшық ет арнайы жасушалар тобынан құралған. Мидан 
сигнал келіп түскенде, сол жасушалар бірден іске кіріседі. Ол «сіңір» деп 


аталатын созылыңқы жасушалар тобының көмегімен сүйекке жабысып 
тұрады..... 
2.3.Қызметі. Бұлшық еттердің қысқаруы, созылуы мүмкін. Бірақ серпімді 
емес. Олар көбіне бір-біріне қарама-қарсы топ болып орналасады. Бір топ 
бұлшық ет дененің алға жылжуына мүмкіндік берсе, екінші топ оны кері
қайтаруға жәрдемдеседі. Бір топ тартылып жатқанда, екіншісі босаңсып
созылады. Сондықтан бұлшық еттерімізді бірігіп, бір мақсатта жұмыс 
істейтін топ ретінде көз алдымызға елестетуге болады. Аяқ пен қолдағы 
бұлшық еттер еріктілер санатына жатады. Өйткені оларды біз ақыл-
ойымызбен қадағалап, жұмсай аламыз. Қалған бұлшық еттер жүйке 
жүйесінен сигнал алған мидың тапсырмасымен жұмыс істейді. 
2.4.Маңызы. Бұлшық еттер денені күш-қуатпен қамтамасыз етеді. Соның 
арқасында біз тұру, отыру, жүру, ас ішу сияқты қозғалыстарды атқара
аламыз............. 
3.Қорытынды. Бұлшық еттеріміз жақсы жетілуі үшін спортпен 
айналысқаның маңызы зор. Өйткені, «Спорт - денсаулық кепілі»................. 
  
V.Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыруға арналған сұрақтар. 
Жеке жұмыс. 
1.Адамға шаш не үшін керек? 
2.Адам денесіндегі ең ұзын бұлшық ет қайсы? 
3.Сынған сүйек қалай бітеді? 
VI. Сергіту сәті. 
Білгенге - маржан 

Адамның шашы қорғаныш қызметін атқарады. Ол бас терісін күн 
сәулесінің тікелей түсуінен және суықтан қорғайды. 

«Тігінші бұлшық ет» - адам денесіндегі ең ұзын бұлшық ет болып 
саналады. Ол санның сыртынан басталып, тізенің ішіне дейін 
созылады. Осылайша, санның жан-жаққа бұрылып, қозғалуына 
мүмкіндік береді. 

Сынған сүйектер алдымен теңестіріліп, бастапқы қалпына келтіріледі. 
Жекелеген бөліктердің сынған жерлеріне гипс салынады, ол сүйектің 
тезірек бітуіне ықпал етеді. Сауығу кезінде ағза сынған бөліктерді 
бітістіретін жаңа жасушалар тобын дайындап шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет