Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


І кезең. Өткен материалды еске түсіру



Pdf көрінісі
бет7/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   197
І кезең. Өткен материалды еске түсіру.
Бұл кезеңде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының жүйелілік, 
сабақтастық ұстанымдары және жалғастық заңдылығы ескеріледі. Өйткені 
білім алушыға жаңа білімді бұрынғы берілген біліммен байланыстыра
үйреткен түсінікті болады. Бұрынғы білім қайталанады, бекітіледі, жаңа 
білім тез меңгеріледі. Бұл кезеңде мұғалім сабақ байланыстарын орнату 
мәселесіне ерекше мән беру керек. (Басқа пәндермен, өткен 
тақырыптармен) 
Бұл жағдайда мұғалім білімді игерудің тиімді тәсілдерін ойластыруы 
керек.
Мысалы, солардың бірі – «Тірек тапсырмалары». Бұл тапсырмалар өткен 
тақырыптардан бүгінгі сабаққа тірек, негіз болатын тапсырмалар (күні 
бұрын үйге беріледі). 
Нәтижесі: 
Бала бұрынғы білімге сүйене отырып, жаңа білімді жеңіл меңгереді. 
ІІ кезең. Жаңа білімді меңгеру. 
 
1. Бұл кезеңде білім алушылар дербес (жеке) тұрғыда танымдық әрекеттер
атқарады және оған уақыт беріледі. 
2. Білім алушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау арқылы жаңа 
ақпаратпен танысады. 
3. Жаңа ақпарат туралы өзіндік пікір қалыптастырады. 
4. Білім алушылар іздену-зерттеу жұмыстарын атқарады. 
Бұл кезеңде мұғалім білім алушыға білім алудың тиімді тәсілдерін 


ұсынады.
Тәсіл: «Жартылай жазылған парақ». Мысалы: Білім алушы бүгінгі 
сабақтың тақырыбы бойынша үйде өздігінен дайындалып, туындаған 
сұрақтарын, түсінбеген жерлерін айқындайды. Сабақта мұғалімнің 
басшылығымен, сыныптағы басқа оқушылармен бірлесе отырып, 
білгендерін талқылап, толықтырып, дамытып, жауап пен шешімін табуға 
ұмтылады. Осылайша сабаққа « Жартылай жазушы» болып келген оқушы 
өзін-өзі «толықтыру» мүмкіншілігіне ие болады. 
Оқу үдерісінде оқушы өзіне керекті, өз өмірінде қажетіне жарата алатын 
ақпаратты талдай біліп, оны өздігінше игеруге көмек болатын тәсілдерді 
үйренеді. Мұндай өзіндік тұрғыдан үйрене білу дағдысы мына өзгермелі 
әлемде әр адам үшін өмір бойы қажет болатын білімге айналатыны сөзсіз. 
(Егер оқушы «таза парақ» сияқты «жазылмаған» күйде келсе, онда 
оқушының білімді игеруі екі талай). Сабақтың бұл кезеңінде мұғалім 
тапсырма бергенде білім алушылар «жеке-жұппен-топпен сыныппен» 
формаларында жұмыс жасағаны тиімді. Бүгінгі күні интербелсенді ( 
интерактивті) оқыту әлемдік білім беру жүйелерінің басты әдістемесі 
болып отыр. Интербелсенді оқыту «Сатылай кешенді оқыту» 
технологиясында диалог арқылы жүзеге асады, яғни мұнда «мұғалім-
оқушы», «оқушы-оқушы», «оқушы-өзімен-өзі» басты әрекеттердің бірі. 
Әрекет арқылы оқыту жақсы нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе, 
өйткені адамның жадында бірінші кезекте тек өзінің әрекеттері мен өз 
қолымен жасағаны ғана қалады. Кезінде көне Қытай ғұламасы Конфуций
(Кун-цзи) былай деген екен: «Маған айтып берсең, ұмытып қаламын, 
көрсетсең есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң, үйренемін». 
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясын сабақта қолданғанда тілдік 
қатынас теориясының бірнеше іс-әрекеттері қатар жүзеге асады. Олар: 
жазылым, тыңдалым, оқылым, айтылым, тілдесім. Аталған іс-әрекеттер 
арқылы теориялық материалды өз бетінше талдап түсінген оқушы
материалдың мәнін, мазмұнын жете меңгеріп, көзімен көріп, құлағымен 
естіп, іштей қайталап санасына тоқып алу үшін еңбектенеді. Оқушы 
санасында тұрақталып қалған білімді ұзақ уақыт естерінде сақталумен 
қатар оны өзгерту де мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет