Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


Сабақтың құндылығын арттыратын талаптар



Pdf көрінісі
бет6/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197
Сабақтың құндылығын арттыратын талаптар: 
 
1. Сабақтың мақсатын, міндеттерін хабарлау, материалды оқып-
үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. 
2. Сабақ типіне, берілген тақырыпқа арнап оқытудың тиімді 
формаларын, әдісі мен тәсілдерін дұрыс таңдау. 
3. Сабақтың кезеңдеріндегі оқушы мен мұғалімнің барлық іс-
әрекеттерін жоспарлау. 
4. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен көлемін 
анықтау ( дербес тұрғыдағы танымдық әрекеттер). 
5. Оқушының өздігінен білім алуына толық жағдай жасау ( оқушы-
өзімен-өзі форматы). 
6. «ОСКО» технологиясында диалог арқылы үйрену, яғни «Мұғалім-
оқушы», «Оқушы-оқушы», «Оқушы-өзімен-өзі» басты әрекеттердің 
бірі екенін үнемі назарда ұстау. 
7. «ОСКО» технологиясында – білім беруде ұлттық құндылықтарды 
бірінші кезекке қою, рухани-адамгершілік құндылықты бала бойына 
сіңіру басты мәселе. 
Жалпы «ОСКО» технологиясына байланысты сабақ жоспарын 
құрғанда сабақтың үш негізгі мақсатын анық та айқын көрсетуді басты 
назарда ұстаған дұрыс. Себебі, бүгінгі таңда жасөспірімдердің тұлғалық
азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы қоғамда 
алаңдаушылық туғызуда. Сол себепті әр ұстаздың басты мақсаты – 
шәкірттерін жоғары деңгейдегі, жан-жақты білімді адам болуға баулу. 
Әрбір пән, әрбір сабақ, әрбір тақырып осы мақсатты жүзеге асыруға 
бағытталуы керек. Осы тұрғыдан алғанда «ОСКО» технологиясының 
басты ұстанымы – тәрбиелік ұстаным. Дәстүрлі сабақтарда үш мақсаттың 
біріншісі – білімділік болса, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясында 
тәрбиелік мақсат алдыңғы орынға шығарылған. Себебі, әл-Фараби бабамыз 


айтқандай: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген 
ұстанымы басты мақсаты. Ұлттық тәрбие негізінде ұлтымыздың ғасырлар 
бойы жинақталған құнды тәжірибелері мен тәлім-тәрбиесін, адамгершілік 
қағидаларын оқушы бойына сіңіру – әр сабақтың басты мақсаты, ол әр 
сабақтың өн бойында көрініс табады (сабақтың үлгі жоспарларынан 
көрінеді). Дәстүрлі сабақтарымызда берілетін жаттығулар, тапсырмалар, 
өзіндік жұмыстар, қосымша материалдар тақырыпты жан-жақты ашуға, 
оқушының логикалық ойлауына, танымдық дүниесінің баюына толық 
мүмкіндік бермеумен қатар олардың арасында бірін-бірі толықтыратын, 
сабақтастыратын байланыс, үйлесімділік жеткіліксіз. Сондықтан білім 
алушылардың кез келген мәселе жайында жоғары деңгейде ой қозғауға, 
көркем тілде баяндауға өресі жете бермейді. Ал, «Сатылай кешенді оқыту» 
технологиясында теориялық білім ғылыми тілде терең меңгертілумен 
қатар баланың мұғаліммен, өз бетінше орындайтын барлық тапсырмалары 
ұлттық құндылықтарға негізделген. Сол арқылы бала тәрбиемен қатар 
білім де алады. 
Енді, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша құрылған 
сабақтың жобасына тоқталсақ. Сабақ 3 кезеңнен тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет