сөздік қоры, тіл байлығы, танымдық қабілеті, логикалық ойлауы артады.
Өз ойларын, пікірлерін еркін білдіреді.
Пәндерді оқыту барысында
оқушылардың материалды жылдам, орта, төменгі деңгейде қабылдауына
қарай тапсырманы он деңгейге икемдеп, барлық баланың дамуы үшін
қолайлы жағдай туғызылады. Әр деңгейдің өзінің алдына қойған
мақсаттары бар:
Бірінші деңгейде жазылым башылыққа алынады. Бұл деңгейде
мұғалімнің қызметі бірінші орында болады. Яғни, мұғалім жазылым
әрекеті арқылы тірек сызбаларды басшылыққа алып, теориялық
материалдың алғашқы нұсқасын толық жазып оқушылардың саналы түрде
меңгеруіне ықпал етеді. Онда білім алушылар біріншіден, сауатты жазып,
оқып,
айтуға дағдыланады; екіншіден, материалды жүйелі түрде түсініп,
ғылыми тілде баяндауға машықтанады.
Екінші деңгейде тыңдалымға ерекше мән беріледі. Екінші
деңгейден бастап оқушының іс-әрекетіне басымдық беріледі. Мұғалім
бағыттаушы, көмекші қызметін атқарады. «Тыңдалымға
қатысты
жұмыстардың бәрі бақылауға алынғаны дұрыс». (Ғалымның пікірі) Себебі,
қазіргі балаларда алаңдаушылық басым, ойлары шашыраңқы, зейіндері
тұрақсыз, бұл технология зейінді тұрақтандыруға көп көмектеседі.
Оқушыларда сынптастарының жауаптарын мұқият тыңдау,
ондағы
жіберілген қателіктерін дер кезінде аңғару, оны сауатты түрде түзету
сияқты іс-әрекеттерге машықтанады. Дәстүрлі сабақтарда бұл мәселелер
жауап беруші оқушыға ғана қажетті болып көрінетін. Себебі дәстүрлі
оқыту жүйесінде белгілі бір мәселеге әр оқушы өз түсінігі, өз тұжырымы
бойынша жауап береді. Ал, «ОСКО» технологиясында әр пәннің тірек
сызбалары бойынша жүйелі, сауатты, ғылыми тілде баяндау талап етіледі.
Бұл – аталмыш технологияның басты қағидаларының бірі.
Үшінші деңгей. Бұл деңгейдегі көзделген мақсат – оқушылардың
ұқсас ұғымдарды жинақтау, айырмашылылықтарын ажырата білу, жекеден
жалпыға көшу әрекетін жүзеге
асыра алу, ой ұшқырлығына баулу,
танымдық дүниесінің баюына жол сілтеу.
Достарыңызбен бөлісу: