Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет5/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Дәстүрлі сабақ: 
Мазмұндағы басымдылық: Мұғалім: түсіндіреді, тыңдайды, сұрақ 
қояды, көрсетеді, жазады, тексереді, бағалайды. Оқушы: кедергі келтірмей, 
тып-тыныш отырып тыңдайды. 
Мақсаты: Оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастыру.
Бастапқы мазмұны: Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдемелер.
Оқытудың формалары: Жеке, топтық.  
Оқытудың әдістері: Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық 
жұмыстар.
Бақылау, бағалау: Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы. 
Сатылай кешенді оқытуда: 
Мазмұндағы басымдылық: Мұғалім: мәселе қояды, ойлаудың жолдарын 
ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетелейді. Оқушы: белсенді 
субъектіге айналады. 
Мақсаты: Байқампаздығын, ойлаудың практикалық әрекетін дамыту. 


Бастапқы мазмұны: Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, 
ережелерді қорыту.
Оқытудың формалары: жұптық, топтық, бірлескен ұжымдық әрекет.
Оқытудың әдістері: Баяндау, проблемалық, ізденушілік, шығармашылық, 
зерттеушілік.  
Бақылау, бағалау: Оқушылар бірін-бірі, өзін-өзі бақылау, бағалау, сын, 
пікір айту. 
Қорыта келгенде, Алаш арыстарының педагогика, психология, 
әдістеме саласындағы еңбектері бүгінгі қоғамның білім беру талаптарына 
толық жауап бере алады. Сондықтан оларды білім беру жүйесіне мақсатты 
түрде енгізу біздің азаматтық борышымыз болуы керек. 
 
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГОИЯСЫНЫҢ 
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 
 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы халыққа 
Жолдауында жас ұрпаққа білім беру ісі кезек күттірмес көкейтесті 
мәселелердің бірі ретінде аталып өттілді. 
Жолдауда атап көрсетілгендей, озық және бәсекеге қабілетті ұлттық 
білім беру жүйесін құру қажет. 
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі 
құндылығы ретінде тану, оның ұлттық дүниетанымын қалыптастыру. Сол 
арқылы білім алушының рухани жан дүниесінің баюына, шығармашылық 
еркіндігі мен белсенділігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. 
Әлемдік бәсекеге төтеп бере аларлық мұндай зияткер тұлғаларды тек 
жоғары сауатты, дарынды мұғалімдер ғана тәрбиелеп шығара алады. 
Сондықтан 
мұғалімдерді 
конструктивтік-технологиялық 
жұмысқа 
бағыттау- маңызды мәселе. Оқу жүйесіне тиімді технологиялардың енуі – 
бүгінгі күннің өзекті де басты талаптарының бірі. Қазіргі таңда балама 
технологиялардың саны көп. Әр технологияның өзіндік ерекшелігімен 
қатар айырмашылығы бар. 
Соңғы 
кезде 
мектептерде 
кеңінен 
қолданысқа 
енген 
технологиялардың бірі – Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» 
технологиясы. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын бүгінгі таңда 
балабақшаның мектепалды даярлық топтары мен мектептерде, жоғары оқу 
орындарында қолдану өз нәтижесін беруде. Технология авторы 
Н.А.Оразахынованың пікірінше: «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – 
тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны 
қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар баланың жалпы 
тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа да 
танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына 
бағытталған оқытудың түрі», – деп сипатталады. «Сатылай кешенді 
оқыту» 
технологиясының 
әдістемесі 
психология, 
педагогика 
ғылымдарының қағидаларымен, Алаш арыстарының білім беру, тәрбиелеу 


жөніндегі ой-тұжырымдары және әр түрлі пәндердің теориялық 
негіздерімен тығыз байланысты. 
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының әдістері – білім 
алушының қажетті материалды жеке-жеке салаларға жіктемей, тұтас 
игеріп, толық қабылдауына мүмкіндік жасайды. Бұл тұрғыда автор 
Ж.Аймауытовтың комплексті оқыту жүйесіне жүгінетіндігін айтады. 
Педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ. Сабақ 
дегеніміз не? Оған «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша 
анықтама берсек: 
 сабақ – мұғалімнің шығармашылық орта қалыптастыруы; 
 сабақ – білім алушыны субъект ретінде дамуын үнемі назарда 
ұстауы; 
 сабақ – әр баланың ерекше болмысын, тұлғалық қасиеттерін 
мойындауы; 
 сабақ – оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас; 
 сабақ – өзара әрекет жасау, жанды жұмыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет