Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


Тұманбай Молдағалиевтың «Ана тілі» өлеңін поэзиялық талдау



Pdf көрінісі
бет70/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

3. Тұманбай Молдағалиевтың «Ана тілі» өлеңін поэзиялық талдау
жасаңыздар. 
 
Ана тілі 
Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгінді 
Менің ана тілімде. 
Қазақ болып туғаннан соң бөбегім, 
Қазақ болып өлген жақсы түбінде. 


Барлық тілді үйренерсің сен әлі, 
Жігіт болып саналы. 
Қайда жүрсең, өз еліңді ұмытпа, 
Өз еліңнің туын көтер жоғары. 
Мен анамды ұғындым деп мақтанам
Тілін білдім, жырын білдім сақтаған. 
Өз анасын сыйламаған пақырлар 
Отанын да сыйлап көрген жоқ, балам. 
Ұлым, менің бұл сөзіме бағарсың, 
Жанар кезде өзің де от боп жанарсың.
Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ, 
Ал басқасын өзің тауып аларсың. 
1. Авторы
 
2. Тақырып 
3. Жанр түрі 
4. Идеясы 
5.Шумақ 
6.Тармақ
7.Бунақ
8.Буын саны
9.Ұйқас
10.Әдеби
11.Түсіндірме сөздік 
12.Тәрбиелік мәні
Жеке жұмыс. Кестені толтырыңыз, салыстырыңыз. 
Тақырыбы 
Өлең не туралы (идеясы) 

Құстар әні 

Жазғы таң 

Ана тілі 
III. Сергіту сәті. «Құстар әні» өлеңін айту.(Әуен қосылып тұрады) 
Жұптық жұмыс. Бағдаршамның түстерінің артына тапсырмалар 
жасырынған. Өз таңдаулары бойынша тапсырманы алып, жұптасып диалог 
арқылы талдайды.(Айтылым, тыңдалым әрекеттері жүзеге асырылады). 
Жұптар бірін-бірі бағалайды.(Тапсырмалар өтілген тақырыптар бойынша 
алынады. Сұрақтар өлеңді поэзиялық талдаудың кез келген сатысы болуы 
мүмкін). 
ІV. Топтық тапсырма. Топтық бағалау (жазылым, айтылым және 
тыңдалым іс-әрекеттері жүзеге асырылады). 
  «Ой жүйрік» ойыны 
1-топ өлең шумағын қарасөзге айналдырып жазу.


Біздің жаққа үйренісіп кеткен бе, 
Көңілді ән сап келіп еді көктемде. 
Өскен жерін қимай кетіп барады, 
Өскен жерге сыймай кетіп барады. 
Мысалы:Туған жерге бауыр басып қалу
Өскен жерін қимау,............ . 
2-топ өлең шумағын қарасөзге айналдырып жазу. 
Жып-жылы түн маужырап, 
Көтерілген жерден бу. 
Саф күмістей жалтырап 
Тыныш жатқан тұнық су. 
3-топ «Жүзім шоқтары» ойыны бойынша өлеңдердің ішінен табиғатқа 
байланысты атауларды теріп жазады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет