Н. П. 6В07150-Электрэнергетикасы бб студенттері үшін «Автоматтандырылған электр жетегі теориясы» пәнінің зертханалық практикумына арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021 ж



бет17/26
Дата29.09.2023
өлшемі446,9 Kb.
#111424
түріПрактикум
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Бақылау сұрақтары
1. КР және ТР-де қандай мақсатпен және қандай этаптарда И-каналы болмайды?
2. Қандай мақсаттарда және электр жетегін жөнге салудың қандай этаптарында ТТҚ якорінің тізбегіне қосымша резистор енгізіледі?
3. Қандай жөнге салуларда ТТҚ-ң қоздырылуы өшіріледі?
4. Ток және кернеу бойынша кері байланыс таңбасын қалайша анықтауға болады?
5. Кернеуді реттеу контурында кернеу бойынша кері байланыс таңбасын қалайша анықтауға болады?

3 Зертханалық жұмыс




Тақырып: Кернеу бойынша сыртқы контуры бар бағындырылып реттелетін жүйені зерттеу. Кернеу контуры бойынша баптау


Жұмыстың мақсаты: тәулді реттеуі бар тиристорлы электр жетегінің статикалық және динамикалық сипаттамаларын оқып үйрену.


Қысқаша теориялық мәліметтер

Тәуелді реттеу жүйелерінде қозғалтқышты жіберу және тежеу кезінде токты шектеу әдетте жылдамдықты реттегіштің шығыс сигналын шектеумен емес, қарқындылықты тапсырғышпен ҚТ жүзеге асырылады. Оның көмегімен жылдамдықты тапсырушы сигнал секіріп өзгемейді, ол уақыт бойынша сызықты түрде қажет болған деңгейге дейін өзгереді. Сол кезде якорь тогы жіберу немесе тежеу соңында оптималды заң бойынша қалыптасады және төмендейді, ал жетектің бұрыштық жылдамдығы МС=const кезінде қарқындылықты тапсырғыш сигналының соңынан еріп сызықты заң бойыша өзгереді. Қарқындылықты тапсырғышты қолданудың негізгі ерекшелігі жетектің үдеуі мәнінің статикалық моменттен тәуелсіздігі болып табылады.


Жүктемені соққылы түрде бергенде бір ретті интеграцияланатын жүйеде өтпелі үрдіс реттегіштік әсер еткендегідей уақытта өтеді, ал ал бұрыштық жылдамдықтын ауытқуы келесі теңдеуге сәйкес болады


(3)

Екі рет интеграцияланатын жүйеде жылдамдықтың П-реттегіші бар жүйесінде бұрыштық жылдамдықтың динамикалық түсуі орын алады. Сол кезде ол якорь тогының 53% асқын реттелуімен біргелікте өтеді; бұрыштық жылдамдықтың қалпына келуі 15,5Т1 тең. Тәуелді реттеудің осы қолайсыз қасиеттері оларды қолдану аймағын белгілі дәрежеде шектейді.


Тәуелді реттеу принципі бойынша құрылған жүйелер тұрақты ток жетектерінің бұрыштық жылдамдығын және қалпын реттеу жүйелерінде ғана емес, сонымен бірге айнымалы ток жүйелерінде кеңінен тараған.
Бірақ, жетектің дәлдігі мен тез әрекет етуіне қойылатын талаптар және қазіргі заманғы сандық есептеу техникасы және элементтік базасымен берілетін сол талаптарды орындау үшін кең және әмбебап мүмкіндіктер аналогтымен салыстырғанда сандық, соның ішінде микропроцессорлық басқаруы бар электр жетектің жүйелерінің енгізілуіне алып келді. Оларда барлық өлшеулер, ақпаратты беру, оның өңделуі және электр жетегінің жүйесі мен оның координаттарына оптималды басқарушы әрекеттер сандық түрде орындалады.
Реттегіштік сипаттама ТТҚ қозалтқышының якорі кернеуінің тапсыру сигналынан тәуелділігі болып табылады: Uя =f(Uз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет