Н. П. 6В07150-Электрэнергетикасы бб студенттері үшін «Автоматтандырылған электр жетегі теориясы» пәнінің зертханалық практикумына арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021 ж



бет2/26
Дата29.09.2023
өлшемі446,9 Kb.
#111424
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
МУ-ТАЭ лаб каз

Кіріспе


Курстың мақсаты – автоматтандырылған электр жетегі жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын меңгеру, параметрлерін, статикалық және динамикалық параметрлерін есептеу әдістерін үйрену және элементтерді таңдай алу.
Курстың міндеті – электр жетегінің жалпы заңдылықтарын, электр механикалық жүйе элементтерінің өзара әрекет ету ерекшеліктерін, динамикалық үрдістердің сипаттамалары мен тұйықталған және тұйықталмаған жүйелердің статикалық режимдерінің ерекшеліктерін оқып үйрену.
Зертханалық жұмыстар тәжірибелі зерттеулерге тәуелді оларды орындау үшін 2 сағаттан кем емес уақытты талап етеді.

Зертханалық жұмысты орындауға жалпы нұсқаулар және қауіпсіздік техникасы ережелері

Зертханалық жұмыстар «Автоматтандырылған электр жетегі теориясы» пәнін оқу барысында оқу жоспарымен қарастырылған. Зертханалық жұмыстарды орындау барысында студенттен келесілер талап етіледі: курстың теориялық мәліметтерін бекіту, электр сұлбаларын құрастыруда және тәжірибе үшін өлшеу аппаратурасын таңдауда тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, тәжірибелі зерттеулерді жүргізу техникасын меңгеру және тәжірибе нәтижелерін бағалау дағдыларын қалыптастыру.


Зертханалық жұмыстарды орындау үшін топ 2-5 адамнан болған бригадаларға бөлінеді. Бригада құрамында студенттер өздігінше оқытушының басшылығымен зертханалық жұмыстардың көлемін толық орындайды.
Зертханалық жұмысты орындаудан алдын студенттер орындалатын жұмыстың мақсаты мен құрамын анық білу үшін берілген тараудың теориялық бөлімін білу керек, қауіпсіздік техникасы элементтерімен таныс болып, оларды міндетті түрде орындауы шарт.
Электр тізбегі кернеудің астында болған кезде сұлбаның ток өткізгіш бөліктерін, ошауланбаған өткізгіштерді, түйіспелерді ұстауға және сұлбаны қараусыз тастауға тиым салынады.
Берілген құралда әр жұмыс бойынша қысқаша теориялық мәліметтер берілген, жұмыстың мақсаты және мазмұны көрсетілген, сонымен бірге зертханалық жұмыстарды орындау реті берілген.
Құралды пайдалана отырып студенттер берілген құралда баяндалған зертханалық жұмыстардың мақсатын және мазмұнын түсіну керек, электр тізбегі мен аппаратурасымен танысуы және тәжірибелердің реттілігін анықтай алу қажет.
Жұмыста қолданылуы тиіс болған модулді, өлшеу аспаптарын, реостаттарды және басқа аппаратураны таңдап болғаннан кейін сұлбаны жинау жұмысына кірісуге болады.
Жинауды қорек көзінің бір қысқышынан бастап, оның екінші қысқышында аяқтау керек. Сол кезде бірінші кезекте негізгі болып саналатын бірізді тізбекті жалғап, одан кейін тізбектің параллель бөліктерін жалғау ұсынылады.
Электр тізбегін жалғау процесінде жалғаулар сұлбасы ең қарапайым және көрнекті болуы керек. Сұлбаға жалғанатын бөлек өлшеу аспаптарының, аппараттарының және реостаттардың электр сұлбаларын жақсылап айқындау қажет.
Өлшеу аспаптарының көрсеткіш тілі шкаланың нолінде тұруы керек. Егер өлшеу аспабының тілі сұлбаны қосқан кезде нолді көрсетпесе, онда оны корректор көмегімен нолге орнату қажет.
Бригада студенттері жалғану сұлбасының дұрыстығын тексергеннен кейін оны міндетті түрде оқытушы тексеру керек және оқытушының рұқсатымен электр тізбегі кернеуге қосыла алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет