Н. П. 6В07150-Электрэнергетикасы бб студенттері үшін «Автоматтандырылған электр жетегі теориясы» пәнінің зертханалық практикумына арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021 ж



бет13/26
Дата29.09.2023
өлшемі446,9 Kb.
#111424
түріПрактикум
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
МУ-ТАЭ лаб каз

Қысқаша теориялық мәліметтер

Ток контурын жөнге салу қозғалтқыш тежелген кезде орындалады. Контурды жөнге салу сұлбасы 16-суретте көрсетілген.





Сурет 16. Контурды жөнге салу сұлбасы
Қозғалтқыштың тежелуі жартылай муфта тесігіне металл өзекшені енгізу арқылы жүзеге асырылады.
ТТ және ТТҚ якорінің арасындағы тізбекке бірізді токтың секіруін шектеу үшін ҚКМ1 модулінен реттелетін кедергі қосылған. Ол тек жүйені жөнге салғанда ғана қосылады және одан кейін SA1 қайта қосқышымен нолдік мәнге орнатылады.
Якорь тогын реттеудің тұйық контурын жөнге салу ТР-ң кері байланыс тізбегінің ПИ-реттегіші параметрлерінің оптималды мәндерін тәжірибелі таңдауға келіп тіреледі.
Ток контурының кері байланыс сигналы UДТ ЕШМ модулінің ADC1 кірісіне жалғанады (суретте көрсетілмеген).
IЯ якорь тогын компьютерде бақылау.


Ток контурының кері байланыс таңбасын анықтау
Тәжірибе келесі реттілікпен жүргізіледі:
1. ҚКМ1 модуілінің SA1 қайта қосқышын қосымша кедергіге енгізу (50-100 Ом).
2. СҚМ-і QF1 автоматты ажыратқышын қосу.
3. ТТ модулінің «Торап» кнопкасын қосу, SA2 «Рұқсат» тумблерін жоғарғы күйіне келтіру.
4. РМ модулінің SA2 тумблерімен кернеу контурының күшейту коэффициентін орнату.
5. Рм модулінің SA1 тумблерін шеткі күйіне алмастыру.
6. РМ модулінің RP1 потенциометрін біртіндеп өзгерте отырып ТТҚ якорь тізбегінің тогын орнату (0,2...0,ЗА).
7. ТТ модулінің ДТ шығысын қысқа уақытқа РМ модулінің Х7 клеммасына жалғау, егер якорь тогы кемісе, онда ток бойынша кері байланыс теріс.
8. РМ модулінің RP1 потенциометрімен якорь тогын нолге орнату.
9. ҚКМ2 модулінің SA1 қайта қосқышымен RP1 кедергісін нолге тең етіп орнату.


Ток реттегішінің П-каналын жөнге салу
Жөнге салуды ТР-ң пропорционалды каналының күшейту коэффициентінің минималды мәнінен бастап тұйықталған контурдың өтпелі функциясы бойынша жүргізу. Кіріс сигналының секірісін SA1 қайта қосқышымен жасаған қолайлы. Сол кезде ҚТП-ң уақыт тұрақтысы минималды, ал КР - пропорционалды.
Тапсырма уставкасын қалыптасқан өтпелі функциясындағы якорь тогы 0,75 IЯН аспайтындай етіп орналастыру керек. Шығыс координатасын ДТ шығысында компьютер көмегімен бақылаған жөн.
Өтпелі функциясының оптимизациялау критериясы ретінде асқын реттеудің минимумы және токты реттеу контурының шапшаң әрекет етуі болып қабылданады.
Жөнге салу барысында токтың П-реттегішінің оптималды мәндерін жазып алу. Токты тапсыру секірісі кезінде IЯ (t) осциллограммасын түсіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет