Кернеу контурының кері байланыс таңбасын анықтау
Тәжірибе келесі реттілікпен жүргізіледі:
1. SA6 қайта қосқышының қалпын есте сақтап қалып, оны «0» күйіне шығару.
2. РМ модулінің SA2 тумблерін «1» күйіне шығару.
3. ТТ модулінің «Торап» кнопкасын қосу, SA2 «Рұқсат» тумблерін жоғарғы күйіне келтіру.
4. Рм модулінің SA1 тумблерін кез келген шеткі күйге орнату.
5. РМ модулінің RP1 потенциометрін біртіндеп өзгерте отырып бос жүріс режимінде ТТҚ якорь тізбегінің тогын 0,2...0,ЗА аралығында орнтау (Қосымша В).
6. Аз уақытқа перемычканы ТТ модулінің ДН шығысынан РМ модулінің Х4 клеммасына жалғау, егер қозғалтқыш кернеуі азайса, онда керену бойынша кері байланыс теріс болғаны.
Кернеу реттегішінің П-каналын жөнге салу
Жөнге салуды КР-ң пропорционалды каналының күшейту коэффициентінің минималды мәнінен бастап тұйықталған контурдың өтпелі функциясы бойынша жүргізу. КР-ң кіріс сигналының секірісін SA1 қайта қосқышымен жасаған қолайлы. Сол кезде ҚТП-ң уақыт тұрақтысы минималды.
Шығыс координатасын ДН шығысында компьютер көмегімен бақылаған жөн. Өтпелі функциясының оптимизациялау критериясы ретінде асқын реттеудің минимумы және кернеуді реттеу контурының шапшаң әрекет етуі болып қабылданады.
Жөнге салу барысында R3 әр түрлі мәндерін жазып алу. Токты тапсыру секірісі кезінде UЯ (t) осциллограммасын түсіру.
Кернеу реттегішінің И-каналын жөнге салу
Жөнге салуды тұйықталған контурдың өтпелі функциясы бойынша жүзеге асыру. Ол үшін SA6 қайта қосқышының көмегімен КР-ің кері байланысының тізбегіне конденсаторды енгізу керек. Пи-реттегіші бар токты реттеудің тұйықталған контурының өтпелі функцияларынің бірнешеуін салып алып, конденсатордың сыйымдылығының оптималды мәнін таңдау.
И-реттегішті енгізу кезінде жүйе тұрақсыз болып қалу мүмкін. Жүйе тұрақсыз жұмыс істеген кезінде П-реттегіштің коэффициентін жоғарлату керек.
Жөнге салу барысында алынған R3 және С2оптималды мәндерін жазып алу. Токты тапсыру секірісі кезінде UЯ (t) осциллограммасын түсіру.
Достарыңызбен бөлісу: |