Н. П. 6В07150-Электрэнергетикасы бб студенттері үшін «Автоматтандырылған электр жетегі теориясы» пәнінің зертханалық практикумына арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021 ж


Статикалық жүктеменінің моментін түсірген кездегі өтпелі үрдістер



бет21/26
Дата29.09.2023
өлшемі446,9 Kb.
#111424
түріПрактикум
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
МУ-ТАЭ лаб каз

4 Статикалық жүктеменінің моментін түсірген кездегі өтпелі үрдістер
Статикалық жүктеменінің моментін секірмелі түрде түсірген кезде осциллограмманы түсіру үшін ЖТ-ны жиіліктің және кернеудің өсуінің мүмкін болған максималды қарқындауына сәйкестендіру керек. Жүктемені салу және түсіру ЖТ-ң SA1 қайта қосқышын қосу-ажыратумен жүзеге асырылады. Келесі осциллограммаларды түсіру:
- ТТҚ якорі тогының IЯ = f(t);
- ТТҚ якорі кернеуінің.
Тәжірибе келесі реттілікпен орындалады:
1. ТТ модулінің SA6 «Рұқсат» тумблерін жоғарғы күйіне орнату.
2. РМ модулінің SA1 тумблерін кез келген шеткі күйіне орнату.
3. RP1 потенциометрімен якорь кернеуін беру (оқытушы береді).
4. ЖТ модулінің SA1 тумблерін шеткі күйіне орнату.
5. ЖТ модулінің RP1 потенциометрімен жүктеме тогын орнату.
6. ЖТ-ң SA1 қайта қосқышын қосу-ажыратумен жүктемені салу және түсіруді жүзеге асыру.
Осциллографтау барысында қалыптасқан режимдерде тіркелетін шамалардың мәндерін осциллограммаларда олардың масштабтарын анықтау үшін жазып алу.
Мс секірмелі түсірілген кезіндегі өтпелі үрдістердің осциллограммаларын өңдеу барысында үрдіс көрсеткіштерін анықтау және көрсету:
- өтпелі үрдіс кезіндегі кернеудің динамикалық түсуі ΔUЯП;
- ΔUЯП шамасына жету уақыты tМ;
- өтпелі үрдіс уақыты tП ;
- үрдіс кезіндегі якорь тогының максимумы ЯМ.
Берілгендерді 9- кестеге енгізу.
Тәжірибелерді жүргізіп болғаннан кейін модулдердің қайта қосқыштарын бастапқы күйіне келтіру.
7. ҚМ және СҚМ модулдерінің сәйкесінше QF2 және QF1 автоматтарын өшіру.


Алынған нәтижелерді өңдеу

Кесте 6- Тәжірибе және есептеудің берілгендері



UЗ, В




























n, айн/мин




























IЯ, А




























UЯ, В




























UРН, В




























UРТ, В




























IС, А




























Кесте 7- Тәжірибе берілгендері

IЯМ

tМ

tПП










Кесте 8- Тәжірибе және есептеудің берілгендері

МС, Нм




























n, айн/мин




























IЯ, А




























UЯ, В




























UРН, В




























UРТ, В




























Есептік берілгендер. Статикалық момент, Нм


МС=СМФ-1Я,
СМ= UРН/0
мұндағы: UН – ТТҚ номинал кернеуі (Қосымша В);
0 – ТТҚ синхронды айналу жиілігі (Қосымша В).

Кесте 9-Тәжірибе берілгендері



ΔUЯП

tМ, с

tП

IЯМ, А















Бақылау сұрақтары

1. Қалайша реттегіштің П-каналының күшейту коэффициентін стендте тәжірибелі түрде шығаруға және тексеруге болады?


2. Ток және кернеу реттегіштерін жөнге салу кезінде үрдістің қандай көрсеткіштерін қамтамасыз ету керек?
3. ТТҚ тірелу тогының қажет болған мәнін қалайша қоюға болады?
4. Неліктен П-реттегіші кезінде статикалық қателік болады?
5. Неліктен жүйелерде көбінесе ПИ-реттегіштері көп қолданылады?

Әдебиеттер тізімі


1. Ключев В. И. Теория электропривода. М.: Энергоиздат, 2000.-425 с.


2. Чиликин М. Г., Ключев В. И., Сандлер А.С. Теория автоматизированного электропривода. М.: Энергия, 2001.-576 с.
3. Чиликин М. Г., Соколов М.Н., Терехов В.М., Шинянский А.В. Основы автоматизированного электропривода. М.: Энергия, 2003.-478 с.
4. Чиликин М. Г., Сандлер А.С. Общий курс электропривода. М.: Энергия, 2002. - 487 с.
5. Ильинский Н.Ф. Основы электропривода. М.: МЭИ, 2003.-327 с.


Қосымша А


Жиілік түрлендіргіші

Жиілік түрлендіргіші (ЖТ) тораптың үшфазалы кернеуінен үш фазалы реттелетін жиілікті кернеуді алуды қамтамасыз етеді.


Жиілік түрлендіргіші зертханалық стендте екі функцияны жүзеге асырады:

  1. роторы қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқышты басқару үшін қызмет етеді;

  2. тұрақты ток машинасын зерттеген кезде асинхронды машинаны жүктемелік машинаға айналдырады.

ЖТ модулінің сыртқы көрінісі А.1 суретінде берілген



Сурет А.1 «Жиілік түрлендіргіші» модулінің сыртқы көрінісі


Модулдің беттік панеліне келесілер шығарылған:


- кнопкалы басқару панелі бар жиілік түрлендіргіші;
- үш фазалы кернеуді жиілік түрлендіргішіне беретін А, В, С клеммалары;
- электр қозғалтқышын қосу үшін қызмет ететін А1, В1, С1 клеммалары;
-айналу бағытын беретін тумблер SA1. Түрлендіргіш жұмысына рұқсат сигналын бір уақытта береді;
- SA2 тумблері – жұмыс режимін таңдау (Жылдамдық/Момент);
- жылдамдық/моментті беру үшін RP1 потенциометрі. Басқару сигналын біртіндеп беру үшін қолданылады;
-күштік модулден жылдамдық бойынша кері байланысты жалғау үшін қолданылатын XI разъемы.
Жиілік түрлендіргішін бағдарламалау


Жиілік түрлендіргішін бағдарламалау кнопкалық панелден жүзеге асырылады.
Басқару панелінің ағымдағы мәндер көрсетіліп тұратын экраны болады.
Түрлендіргіштің сандық басқару панелі А.2 суретінде көрсетілген.

Сурет 2. Түрлендірудің сандық панелі


Басқару панелінің экраны бар. Онда шақырылатын параметрлердің мәндері, қолданушы шақыртын шамалардың міндері, түрлендіргіштің ағымдық күйі туралы хабарламалар (ақаулықтардың кодтары) бейнеленеді.


Кнопкалық панелде басқару және индикация элементтері орнатылған, олардың міндеті төменде айтылады.

Басқару элементтерінің міндеті





LOCAL
REMOTE

  • сандық панелден және сыртқы кірістерден басқару арасындағы қайта қосу;

MENU

  • бағдарламаланатын параметрлердің мәзіріне кіру;

ESC

-алдынғы күйге қайту;

JOG

  • жиіліктің дискретті көбеюі;

FWD
REV

-электр қозғалтқышының айналу бағытының өзгеруі;


RESET

  • бағдарламаланатын параметрлер мәзіріндегі разрядтар арасыдағы қайта қосу, қателікті жою;




  • «жоғары» клавишасы мәзір бойынша қозғалуға, параметрлердің мәнін жоғарлатуға және т.б. арналған;










  • «төмен» клавишасы мәзір бойынша қозғалуға, парметрлер мәнін азайтуға, т.б. арналған;







  • «енгізу» клавишасы параметрлердің өзгертілуін растауға арналғаг;

RUN

  • жетекті активизациялау клавишасы;

STOP

  • жетекті өшіру клавишасы.

Жарықдиодты индикаторлардың міндеті:



  • FWD – қозғалтқыш айналуының тура бағыты;

  • REW – қозғалтқыш айналуының кері бағыты;

  • SEQ – сыртқы кірістерден жетекті басқару қосылған;

  • REF – сандық панелден жетекті басқару қосылған;

  • ALARM – қателік орын алды.

Бағдараламаланатын параметрлер мәзірі бірнеше блогқа бөлінген:

  • жетек (DRIVE) – бұл режимде жетектің жұмыс істеуі, қозғалтқыштың басқарылуы болуы мүмкін;

-шапшаң бағдарламалау (QUICK) – ең көп қолданатын параметрлері бар бағдарламалаудың жеңілдетілген мәзірі;
-кеңейтілген бағдарламалау (ADV) – барлық параметрлердің бақылануы және өзгертілуі мүмкін;

  • салыстыру (VERIFY) – зауыттың берілгендерімен параметрлерді салыстыру;

  • автоподстройка (A.TUNE) – қозғалтқышты пробалы жіберу арқылы параметрлердің дұрыс орнатылғандығын тексеру.

Түрлендіргіштің бағдарламаланатын параметрлері тақырыптық топтарға бөлінген және олардың өзінің белгілі бір номерлеу тәртібі болады. Әр параметрдің адрестеуінің келесі тәртібі болады (мысалы): b1-01. Мұнда b1 – жоғарғы разряд, ол белгілі бір критериймен біріктірілген параметрлер тобы, 01 – сол топқа кіретін белгілі бір параметр.
Параметрлер бойынша навигация келесідегідей жүзеге асады:

  1. «MENU» клавишасын тізбектей басу арқылы бағдарламаланатын параметрлер мәзірінің қажет болған бөлімі таңдалады;

  2. Таңдалған мәзірді растау үшін «енгізу» кнопкасын басу керек;

3) «жоғары» және «төмен» клавишаларымен парметрлердің жоғарғы разрядын өзгерту арқылы мәзір бойынша навигация жүзеге асырылады;
4)Параметрлердің қажет болған тобын таңдағанда кнопкасын басу арқылы төменгі разрядңа көшу және қажет болған параметрді таңдау керек;

  1. «енгізу» кнопкасын басу арқылы параметрдің таңдалуын растау.

Қажет болған мәнді орнатып болғаннан кейін «енгізу» кнопкасын басу кереу, сол кезде параметрлерді есте сақтау және мәзірге шығу болады.


Зауыттық жөнге салуларды орнату

Жиілік түрлендіргішін қосу үшін қорек модулінің QF1, QF2 автоматты ажыратқыштары және стенд қоректенуі ажыратулы кезде жиілікті түрлендіргіштің А, В, С, клеммаларын қорек модулінің А, В, С клеммаларымен, ал жиілік түрлендіргішінің Al, Bl, С1 клеммаларын асинхронды электр қозғалтқышының статорлы тізбегімен (Al, Bl, С1 клеммалары) жалғау қажет.


Қоректі беруден алдын түрлендіргішті басқару элементтерін бастапқы күйіне орнату:
- RP1 потенциометрін алынатын кернеудің минимумына орнату қажет;

  • переключатель SA1 - в среднее положение;

  • переключатель SA2 - в положение «Скорость».

Жетекті бірінші рет қосудан алдын және зертханалық жұмыстарды бастаудан бұрын алдынғы қолданушы бағдарламалап қойған жөнге салуларды жою үшін параметрлердің зауыттық мәндерін орнатқан жөн. Зауыттық жөнге салуларды орнату al-ОЗ параметрінде 2220 мәнін орнату арқылы жүзеге асырылады.
Жөнге салуларды жойғаннан кейін мәзірдегі бірнеше параметрді инициализациялау қажет:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет