Соңғы мәнді орнатқаннан кейін клавишасын басу. Түрлендіргіш автожөнге салуды орындауға дайын екендігі туралы хабарлама береді. «RUN» басу арқылы автожөнге салуды жүзеге асыруды растау керек. Процедура аяқталғаннан кейін оның аяқталуы туралы хабарлама беріледі. Процедура дұрыс аяқталмаса «ALARM» сигналы қосылады. Бұл жағдайда енгізілген параметрлердің дұрыстығын тексеріп, процедураны қайталау қажет.
Тұйықталмаған жүйедегі электр қозғалтқышын жылдамдық бойынша басқару режимі дегенде қозғалтқышты U/f=const заңы бойынша басқаруды түсінеді. Бұл жағдайда жетек жылдамдықты режимде жұмыс істейді.
Түрлендіргіштің берілген жұмыс режимі зауыттық жөнге салуларға параметрлерді тастаудан кейін қосылады.
С4-01 параметрін 0-ге орнату. HI-03 параметрін F-ке орнату – бұл моментті реттеу режимінде қажет болатын S5 дискретті кірісін ажыратады.
Автожөнге салудын кейін «Drive» жетегінің мәзіріне шығу, түрлендіргіштің шығыстық жиілігін «жоғары», «төмен» клавишаларымен индикацияға шығару (Ш-02). кнопкасын REF жарықдиоды жанғанша басып тұру – RP1 потенциометрінен жиілікті беру қосылған. REF жарықдиоды өшірулі кезінде жиілікті U1-01 параметрінде беруге болады.
«Run» кнопкасын басу арқылы түрлендіргішті жіберу. RP1 потенциометрінің тұтқасын біртіндеп бұрай отырып электр қозғалтқышының бос жүріс жылдамдығына дейін екпіндеуін байқау.
«FWD/REV» кнопкасын басу арқылы электр қозғалтқышының реверсін сынап көру. Содан кейін потенциометрінің тұтқасын нолге келтіру, жетекті «STOP» нүктесін басу арқылы өшіру.
Жетекті бетті панелден басқарып көру. Ол үшін М-02 параметрінде 1 мәнін орнату. Содан кейін түрлендіргішпен беттік панелден SA1 қайта қосқышының көмегімен басқаруға болады