Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Ұйымдағы еңбекпен байланысты дау-дамайлар



Pdf көрінісі
бет106/179
Дата23.09.2023
өлшемі1,92 Mb.
#109928
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   179
Байланысты:
133929 (1)

4.6 Ұйымдағы еңбекпен байланысты дау-дамайлар 
 
Нарыққа және жеке кәсіпкерлікке көшу жағдайында эко-
номикалық хаостың күшеюінде әлеуметтік дау-дамайдың бір 
түрі ретіндегі еңбек дау-дамайлары маңызды болып келеді.
Еңбек
 
дау
-
дамайлары
– еңбек қарым-қатынастары (еңбек 
жағдайы, мазмұны, ұйымдастыруы және ақы төлеу) бойынша 
әртүрлі топтардың өкілдерінің арасындағы мүдделер мен пікір-
лердің, бағалаулардың қақтығысуы.
Ұйымдағы дау-дамайлар былай қарастырылады: 

ішкі тәртіп пен еңбек ұжымының тұрақтылығына тікелей 
қарсы шығу, мүдделерді, келіспеушілікті, өзара наразылық пен 
мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді; 

өзара қарым-қатынасты реттеу, өндіріс пен еңбек қатынас-
тарын ұйымдастырудағы оңтайлы тәртіпті ретке келтіру тәсілі; 

еңбек ұжымының дамуындағы қажетті кезең.


258 
Қазақстандағы
 
әлеуметтік
-
еңбек
 
қатынастарының
 
ерекшеліктері
 
 
Біздің елімізде еңбек дау-дамайының маңыздылығы бүгінгі 
таңда күрт ұлғайып келеді. Тек нарықтық экономика қалыпта-
сып қана жатқан жоқ емес, сонымен бірге әлеуметтік-еңбек қа-
тынастары айтарлықтай өзгеруде. 
Мемлекеттің меншік қатынастарына және еңбек пен өнді-
рісті басқару саласына қатысты өзінің монополиялық жағдайы-
нан бас тартуы еңбек қатынастарына қатысушылардың 
жұмыс
 
беруші
-
меншік
 
иегеріне
және 
жалданбалы
 
жұмысшылар
– өз 
жұмыс күшінің иегерлеріне көзге түсетіндей поляризациясы 
болды. Олар көбінесе сәйкес келмейтін, кей уақытта қарама-
қайшы мүдделерге ие, бұл көбінесе олардың арасындағы еңбек 
дау-дамайына (талас-тартыстарға) алып келеді.
Қазіргі таңдағы қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік-еңбек 
қарым-қатынастарының ерекшелігі мемлекеттің еңбек қатынас-
тарын реттеуге өзінің қатысуын қысқарту болды: оның бұл 
қатынастар саласынан өзіндік кетуі байқалды. Нәтижесінде жұ-
мыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы қа-
рым-қатынастарды қатайту тенденциясы жеткілікті көріне бас-
тады.
Қазіргі таңдағы Қазақстандағы әлеуметтік-еңбек қарым-қа-
тынастарының тағы да бір ерекшелігі олар тек қолданыстағы ең-
бек заңдылығына (ҚР ЕК) ғана емес, осы қатынастар субъек-
тілері арасында жасалған ұжымдық келісім-шарт және еңбек ке-
лісім-шарты (контракт) сияқты жергілікті мағынаға ие норма-
тивті актілерге негізделетінінде [15].
Жеке еңбек келісім шартын да, сондай-ақ ұжымдық келісім-
шартты да жасауға қатысушылар тараптарының (бұл тараптар – 
жалдамалы жұмысшы немесе жалдамалы жұмысшылар ұжымы, 
бір жағынан және жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі – 
екінші жағынан) орындауға алған міндеттемелерін барлығы, бірі 
қалмастан, толық көлемде орындауы тиіс. 
Сәйкесінше жағдайларда бұл міндеттемелерді орындамау 
немесе бұзу ұйымда дау-дамайлық жағдайды тудырады, сөйтіп 
дау-дамайға ұласады.


259 
Бұл қарсылық пен тайталасқа кім қатысатынына байланысты 
еңбек дау-дамайлары бөлінеді: 1) жеке және 2) ұжымдық.
Жеке
еңбек дау-дамайларында бір жағынан – нақты жалда-
малы жұмысшы, екінші жағынан жұмыс беруші қатысады.
Ұжымдық
еңбек дау-дамайларына қатысушы ретінде жалда-
малы жұмысшылар ұжымы (бірыңғай ұйымдық құрылым) және 
оған қарсы тұратын жұмыс беруші (осы құрылымның уәкілетті 
өкілдері) қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет