389
рек және тізені толығымен қамту керек. Сұқ саусақ оның ор-
тасында болады. Бұл жағдайда аты жоқ саусақ тізе сүйегінен
шығыңқы дөңгелек сүйектің астарынан кішігірім тереңдікті се-
зеді. Бұл – «цзу-сан-ли» нүктесі немесе «ұзақ өмір сүру нүктесі»
(«жүз аурудың алдын алатын нүкте»). Оны 1-2 минут аралы-
ғында қозғалту ағзаның жалпы тонусын арттыруға, сергектікті
сақтауға, қажетті жұмысқа қабылеттілікті сақтауға мүмкіндік
береді. Екі аяқтағы да осы нүктені уақалауды қолдың ортаңғы
саусағының ұшымен біртіндеп күшейте отырып басу арқылы
орындаңыз. Оның үстіне саусақ нүктеге бұралады, бұл онда
жылулық пен әлсіз маужырау сезімін береді.
Осыдан соң алдыңызда шынтақтан бүгілген қол алақанда-
рын алдыңызға көтеріңіз. Үлкен саусақты сұқ саусаққа жабыс-
тырыңыз және олардың арасында тері қыртыстары аяқталған
нүктелерді көріп алыңыз. Мұнда уқалауы ағзаны тонустайтын,
оның өмірлік күшінің мобилизациялануына және белсендірі-
луіне ықпал ететін, өзіндік сезінуді жақсартатын нүкте орна-
ласқан. 1-2 минут аралығында сол қолдағы, содан соң оң қол-
дағы нүктені уқалаңыз.
Аталған тәсілдерден басқа, көңіл-күйді жақсартуға және
«эмоционалдық дағдарыстан» шығуға өзін-өзі реттеудің мына-
дай тәсілдері көмектеседі:
−
Жеңіл ритмді музыка тыңдау;
−
Қызықты кітап оқу (библиотерапия);
−
Болған немесе болатынды әзілдік қабылдау.
Урбанович А.А. Психология управления: учебное пособие. – Мн.:
Харвест, 2004. – 640 с. – (Библиотека практической психологии). – С. 558-
572.
Достарыңызбен бөлісу: