Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет64/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

типтен тұрады [14, 15]: 

1.  Мотивті-пассивтік  тип.  Жетекшінің  әлсіз  кәсіби  білік-

тілігі,  іс-әрекеттің  ұзақ  мерзімді  бағдарламасының  бостығы  не-

месе  болмауы,  басқарудың  жалпы  стиліндегі  бейқамдық  эле-

менттері  –  осы  ерекшеліктердің  сабақтасуы  бұл  типті  сипат-

тайды.  Қарапайым  жағдайлардағы  атқарушылардың  тиімді  іс-

әрекеті  оның  әлсіздігін  өтей  алады,  бірақ  жағдай  күрделенген 

кезде ол өзінің кері жақтарын байқайды. 

2. «Қауырт іс-әрекетті  бейнелеу» типі. Жетекшілік проце-

сінде туындайтын нақты проблемаларға қатысы аз жоғары бел-




169 

 

сенділік;  нақты  емес  немесе  баламасы  төмен  сипаттың  көрінуі; 



қарамағындағыларға тым артық бақылау ағымы; кәсіби емес же-

ке сипаттағы бақылау. Бұл тип топ мүддесі емес, жоғары тұрған 

инстанция талаптарына бағдарланған жетекшіге тән. 

3. «Жалпы жетекшілік» типі. Жетекшінің іске бағдарлануы, 

бірақ  ол шешімдердің нақты  орындалуын  ұйымдастыру шебер-

лігімен  бекітілмеген,  тапсырманы  тұжырымдаумен,  қол  астын-

дағыларға қысым көрсетумен шектелген. 

4.  Фрустрациялық  тип. Шешімдердің  бастапқы  кезеңдерін-

де  –  жоғары  зерделік  белсенділік,  проблема  мәнін  жан-жақты 

түсінуге  талпыну.  Біліктіліктің  жеткіліксіздігі  алынбайтындай 

қиындықтар туғызады, соның нәтижесінде жетекші кикілжіңнің 

тік  («жетекші  –  бағынышты»)  бойынша  дамуын  ынталандыра-

тын фрустрация күйіне өтуі мүмкін. Мұндай тип басқару іс-әре-

кетіне қарама-қайшы. 

5.  «Соңына  дейін  табыссыз  қауырт  іздеу»  типі  ерік-жігері 

жоғары икемсіз типтегі, бірақ зерделік әлеуеті төмен және өзін-өзі 

бағалауы тым артық жетекшіге тән. Шешімнің алғашқы вариан-

ты жалғыз дұрыс шешім деп есептеледі, тек төтенше жағдайлар 

ғана мұндай шешім барысын өзгертуге мәжбүрлей алады. 

6. «Бейресми дұрыс, бірақ тиімсіз шешім» типі. Бұл тип се-

німді, бірақ жоғары басқару нәтижелеріне жету тұрғысында тиім-

ділігі төмен болады. 

7.  Ұйымдастырушылық  қабілеттің  жеткілікті  дамуымен 

сабақтасқан  эвристикалық  тип.  Жоғары  зерделік  сапалар  да-

мымаған ұйымдастырушылық қабілеттермен сабақтасады. 

8. Эвристикалық-ұйымдастырушылық тип. Бұл практикада 

сирек кездесетін идеал. Жоғары зерделік пен жетілген ұйымдас-

тырушылық қабілеттердің сабақтасуы. 

Бұл екі жіктеме жеке айырмашылықтардың нақты бар екенін 

және өздерінің бірнеше негіз бойынша, яғни жалпылама да, нақ-

тылай да анықтама алатындығын көрсетеді. Жалпы көрсеткіш-



ті таңдау проблемасы теорияда төмендегідей шешіледі. 

Жалпы көрсеткіш басқару шешімдерінің іргелі ерекшелікте-

ріне  негізделуге  тиіс,  олар  механизммен,  құрылыммен  байла-

ныста  болады.  Басқару  шешімдерін  қабылдау  процестер  құры-

лымының  негізгі  ерекшелігі  –  олардың  құрылымдық-деңгейлік 



170 

 

ұйымдасуы. Оған өз кезегінде басқару шешімдерінің барлық не-



гізгі  түрлері  мен  деңгейлерінде  өзінде  біріктіретін  бес  негізгі 

деңгей кіреді. Бұл ерекшелік басқару шешімдерін жүзеге асыру-

дың стильдік айырмашылықтарымен байланысқан. Басқару ше-

шімдерін  қабылдау  процестерінің  стильдік  айырмашылықтары 

индивидтің әр деңгейіне тиесілі шешімдер қабылдау қабілетінің 

әртүрлі байқалуымен шартталады. Сондықтан басқару шешімде-

рінің  стильдерін  атап  көрсетудің  жалпы  көрсеткіші  –  оларды 

ұйымдастырудағы  бес  деңгейдің  шоғырлануы  немесе  сабақта-

суы. Зерттеулер басқару шешімдерін қабылдау процесін жүзеге 

асырудың,  оларды  ұйымдастырудың  негізгі  деңгейлерімен  қа-

тынаста болатын бес негізгі стильдерін анықтады. 

Автократиялық  деңгей  шешімдері  басқару  шешімдерін  қа-

былдаудың  диктаторлық  стилінің  қалыптасуына  және  бүкіл 

басқару іс-әрекетінің жүзеге асуына соқтырады. 

Автономдық  деңгей  шешімдері  іске  асырушы  (реализатор) 

стилінде  тіркеледі.  Мұндай  жетекшілер  барлығын  өзіне  алады. 

Жалпы алғанда, мұндай бағдар оңтайлы емес.  

Шағын-коллегиалдық  шешімдер  жетекшінің  оларды  қабыл-

даудағы  функционалдық  рөлінің  (коллегиялық  шешім  процесін 

үйлестіру, ұйымдастыру және басқару) өзгеруімен сипатталады. 

Бұл – ұйымдастырушының стилі

Бұл стиль басқару шешімдерін қабылдау процестерін ұйым-

дастырудың  ингретативтік-коллегиялық  деңгейімен  қатынаста 

болатын  үйлестіруші  стиліне  тасымалдануы  мүмкін  (Басқару 

шешімдерін қабылдау процестерінде коллегиялық бастау басым 

бола бастайды). 

Маргинал-жетекші стилі – жоғарыдан болатын бұйрықтар-

ға бағынуға деген бағдар үстемдік алады. Бұл стиль шешімдерді 

жүзеге асырудың метаколлегиалдық деңгейіне тасымалдау ағы-

мын сипаттайды. 

Бұл  стильдердің  барлығы  дәстүрлі  түрде  атап  көрсетілетін, 

жетекшіліктің  жалпы  стильдерімен,  яғни  авторитарлықпен,  демо-

кратиялықпен,  жауапсыздықпен,  сондай-ақ  өтпелі  формалармен 

және  комбинациялармен  ұқсас  келеді.  Бұл  ұқсастықтар  заңды,  бі-

рақ  толық  болмайды,  өйткені  басқарудың  жалпы  функция- 

лары шешім шығару функцияларына қарағанда ауқымдырақ келеді. 




171 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет