Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


 Басқару іс-әрекетіндегі коммуникативтік



Pdf көрінісі
бет65/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

3.7  Басқару іс-әрекетіндегі коммуникативтік  

процестер 

 

Коммуникативтік процестер басқару іс-әрекетін ұйымдасты-



руда  үлкен  рөл  атқарады,  өйткені  оның  «субъект-субъектілік 

сипаты»  жетекші  мен  қол  астындағылар  арасындағы  тұрақты 

байланыстардың  болуын  білдіреді.  «Коммуникация»  ұғымында 

бірқатар аспектілерді ажыратады: 

1. Коммуникативтік функция басқаруды тұтастай алғандағы 

негізгі және өзіндік ерекше функцияларының бірі ретінде. 

2. Жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы осы функцияны 

іске асыруға бағытталған; вербальды мінез-құлық айрықша рөл 

атқарады. 

3. Тұлғааралық жанасулар барысында пайда болатын коммуни-

кативтік құбылыстар мен заңдылықтар, психологиялық әсерлер. 

4.  Тілдесуді  қамтамасыз  етуші  психологиялық  механизмдер 

болып табылатын коммуникативтік процестердің өзі. 

Вербальдық  мінез-құлық  психологиясы  басқару  психология-

ның ауқымды және дербес саласы, көлемі жағынан тұтастай алған-

да  іс-әрекетті  басқару    психологиясымен  салыстырмалы  болады. 

Тілдесу мен іс-әрекетті басқару процесін және жетекшінің сондағы 

мінез-құлқын  сипаттайтын  екі  негізгі  және  «теңқуатты»  ұғым. 

Коммуникация  –  бұл  басқарудың  сыртқы  жағы,  оның  тікелей 

практикасы, сондықтан олар оқып-үйренуге әлдеқайда жеңіл. 

Басқаруда  іс-әрекетті  психологиялық  сипаттау  үшін  комму-

никациялардың  сыртқы  жағы  емес,  солардың  негізіне  жататын 

және  жетекшінің  коммуникативтік  мінез-құлқын  қамтамасыз 

ететін психологиялық процестер, құбылыстар мен заңдылықтар 

негізгі мәнге ие. 

 

Жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы 

 

Жетекшінің  тиімді  коммуникативтік  мінез-құлқының  негізі 



болып табылатын ережелер мен талаптарды сақтау практикалық 

және  теориялық  көзқарас  тұрғысынан  алғанда  ең  үлкен  мәнге 

ие. Тиімсіз коммуникациялар нашар жетекшіліктің басты себеп-

терінің бірі.  




172 

 

Жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы төмендегідей бір-



неше негізгі топқа бөлінеді: басқа функциялар мен мәселелер-

дің  атқарылуын  қоштайтын  параллель  коммуникациялар;  әң- 

гімелесулер  мен  келісімдер;  іскерлік  кеңестерді  ұйымдастыру 

және өткізу; жетекшінің көпшілік алдында сөйлеуі; қол астын-

дағыларға  олардың  іс-әрекетін  ұйымдастыру  мақсатында  әсер 

ету формасы түріндегі сөздік атқарымдық іс-әрекет. Сондай-ақ 

коммуникацияның  вербальды  емес  формалары –  мимика,  пан-

томимика  және  жазба  түрлері  бар.  Бұл  түрлердің  әрқайсы- 

сы жетекшінің сөздік мінезіне өзіндік ерекше талаптар қояды. 

Тілдің жалпы мәдениетіне негізгі талаптар қойылады. Олар-

дың  арасындағы  ең  маңыздысы  –  лингвистикалық  нормаларды 

сақтау.  

Тіл мәдениетінің ажырамас компоненті – алдымен идеалды, 

сонан  кейін  вербальды  тұрғыда  тұжырымдалуға  тиіс  хабардың 

ақпараттық қашықтығы. 

Коммуникация тиімділігі фразалардың тұрғызылуындағы тү-

сініктілік пен құрылымның қарапайым болуынан көрінеді. 

Тілдегі  қателік  көңіл-күйлік  бояманың  болмауы  және  оның 

гипертрофтануы;  айтылу  мазмұнының  үйлесімділігі  және  оның 

көңіл-күйлік қанығу шамасы қажет. 

Дәл  осындай  талап  коммуникацияның  вербальдық  және 

вербальдық емес құралдарының сабақтастығына да қойылады. 

Коммуникацияларды олардың мақсаттық бағытталуын еске-

ре отырып тұрғызу қажет; мазмұны бойынша олар өзі сол үшін 

жүзеге асатын мәселеге сай болуға тиіс.  

Тіл  мәдениетіне  қойылатын  маңызды  талап  –  оның  адресат 

ерекшеліктеріне баламалығы. 

Бұл  талаптардың  барлығының  сабақтастығы  –  жетекшінің 

коммуникативтік біліктілік шарттарының бірі, ол әңгімелесулер 

мен  келіссөздер  жүргізу  кезінде  әлдеқайда  толығырақ  байқала-

ды.  Бұл  кезде  өзіне  тән  ережені  де  сақтаған  жөн:  әңгіменің  бі-

рінші  кезеңдерінен  байланыс  орнату;  әңгімеге  мұқият  дайын-

далу  (өз  мақсаттарының  нақтылығы,  өз  мінез-құлқының  такти-

касы); тыңдай білу шеберлігі; әріптеске деген құрмет пен зейіні; 

асығыс  тұжырым  жасамау;  қорғансыз  болмау;  қажетсіз  таласқа 

араласпау; әңгіме алып келуі мүмкін нәтиже туралы ұмытпау. 




173 

 

Бұл талаптар іскерлік кеңестер барысында да оң болады. Бес 



негізгі  кезең  атап  көрсетіледі:  кеңестің  басталуы;  негізгі  ақ-

паратты  беру;  дәлелдеу;  қарсы  дәлелдерін  бейтараптандыру  

немесе  жоққа  шығару;  шешім  қабылдау.  Оларға  іскерлік 

кеңестер өткізудің бес негізгі принципі әрбір негізгі кезең үшін 

сай келеді: 

1)  қатысушылардың  зейінін  проблемаға  аудару,  олардың 

талқылауға қатысу қажеттігін түсіндіру; 

2)  талқыланатын проблеманың әлдеқайда тиімді шешілуіне 

қатысушылардың жеке қызығушылығын ояту

3)  барлық айтылған пікірлерді барынша дәлелдеу

4)  бөтен дәлелдерді жоққа шығарудан бұрын, олардың нақ-

ты себептерін ашуға тырысу

5)  түбегейлі  шешім  шығаратын  кезде  кеңеске  қатысушы-

лардың қызығулары мен мүдделерін ескеру. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет