Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет114/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   677
АСҚАРОВ Әлібек (24.1.1951 ж.т.. Шығ. Қазақстан обл. Қатонқарағай ауд. Екіаша қыстағы.) - 
жазушы.  Алматы  көркем  сурет  уч-щесін  (1975).  ҚазҰУ-ды  (1982)  бітірген.  "Білім  және 
еңбек"  (қазіргі  "Зерде")  журналында  әдеби  қызметкер,  бөлім  меңгерушісі,  жауапты  хатшы 
(1975  -  86).  "Өнер"  баспасының  бас  редакторы  (1986  -  91).  ҚР  Президенті  мен  Министрлер 
Кабинетінің  аппаратында  аға  референт  (1991  -93).  ҚР  Баспасөз  және  бұқаралық  ақпарат 
құралдары министрінің бірінші орынбасары (1993 - 96). ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат 
құралдары істері жөніндегі ұлттық агенттігі төрағасының орынбасары (1996- 98) қызметтерін 
атқарған.  1998  -  2004  ж.  ҚР  Ақпарат  және  қоғамдық  келісім  мин.  Баспа  және  полиграфия 
департаментінің  директоры  болды.  Қазір  Қазақстан  Президенті  әкімшілігінің  сектор 
меңгерушісі. "Қүтмекен" (1979), "Тайга толғауы" (1981), "Жасыл әлемге саяхат" (1985), "Ерте 
түскен  бозқырау"  (1989),  "Өр  Алтай,  мен  қайтейін  биігіңді"  (1999),  "Мұнар  тауды,  мұзарт 
шыңды  аңсаймын»  (2003).  т.б.  повестер  мен  әңгімелер  жинағы  жарық  көрген.  Әңгіме, 
повестері "Родники рождаются в горах» деген атпен орыс тілінде де басылды. Қазақстан Мемл. 
сыйл. лауреаты (2001).   
АСҚАРОВ  Ерік  (10.2.1959.  Солт.  Қазақстан  обл.  Қызылжар  ауд.  Дүйсеке  а.-  2.7.2003)  - 
ақын. Қазақ драма театры жанындағы актерлік студияны (1978). Алматы мемл. театр-көркем 
сурет ин-тын бітірген (1983). 1983 - 85 ж. Қазақ телевизиясында режиссер, редактор, 1985 - 86 ж. 
"Жазушы"  баспасында  редактор;  1988  жылдан  Қазақстан  Жазушылар  одағы  әдеби  қорының 
директоры  болған,  Көкшетау,  Астана  қ-ларында  қызмет  атқарған.  Шығармалары  1973  жылдан 
жариялана  бастады.  Бірқатар  өлеңі  "Қарлығаш"(1982),  "Жетіген"(1984)  деген  ұжымдық 


топтамаларға енді. "Көгілдір" өлеңдер жинағы 1987 ж. жарық көрді. "Біржан сал", "Петропавловск 
-  қызылдардың  қаласы"  атты  пьесалардың  авторы.  Қ.Әбілев,  Ә.Қалыбекова,  Ә.Беркенова  т.б. 
ақындармен  айтысқан.  И.Гоголевтің  "Наара  Суох",  Л.Табукашвилидің  "Арманымның  ақ  құсы" 
пьесаларын  қазақ  тіліне  аударған.  1983  ж.  "Қар  қызы"  (авт.  О.Бөкеев),  1985  ж.  "Көкшетау" 
(С.Сейфуллиннің поэмасы бойынша) бейнефильмдерін түсірді. М.Мақатаев атынд. сыйл. (1988). 
Қазақстан Жастар Одағы сыйл. (1990) лауреаты.   
АССОНАНС  (франц.  assjnance,  лат.  assono  -  үйлесім)  -  өлең  жолдарындағы  дауысты 
дыбыстардың үндесе қайталануы.  А. өлеңнің интонац.-муз.  мәнін,  эксперссивтік-эмоционалдық 
бояуын күшейтіп, әсерлілігін арттырады. Мыс.,"Еңсесі биік ақ орда, Еңкейіп сәлем бер сана. Ернеулі 
жұқа сары аяқ, Ер сарқытын бер сана" ("Ер Едіге" жыры).   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет