АСҚАРОВ Асанбай (15.9.1922. Жамбыл обл. Мерке ауд. Тәтті а. -13.8.2001. Алматы) - ақын.
мемлекет қайраткері. Соц. Еңб. Ері. соғыс ардагері. СОКП ОК жанындағы Жоғары партия
мектебін бітірген (1954). 1946 - 51 ж. Жамбыл обл-нда ауд.. обл. комсомол к-ттерінің
хатшысы. 1954 - 58 ж. Красногор Мерке ауд. партия к-ттерінің бірінші хатшысы. Жамбыл обл.
атқару к-тінің төрағасы. 1959 - 85 ж. Жамбыл, Алматы, Оңт. Қазақстан обл-тары партия
к-ттерінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 23 жыл бойы КСРО Жоғ. Кеңесінің депутаты
болды. А. Қазақстанның әлеум.-экон. және мәдени дамуына елеулі үлес қосты. Желтоқсан
көтерілісінің (1986) ұйымдастырушы, ұлтшыл және т.б. кінәлар тағылып, 1987 ж. сәуір айынан
1991 жылғы тамызға дейін абақтыда отырды. А-қа тағылған айыптың негізсіздігі анықталып.
Қырғызстан Жоғ. соты төралқасының шешімімен ол толық ақталып, азаматтық құқықтары
қалпына келтірілді. А. бірнеше көркем және публицист. шығармаардың авторы. "Тағдыр",
"Судьба", "Жұмақ пен тозақ жырлары" атты кітаптары жарық көрген. М.Х. Дулати атынд.
қоғамдық қордың президенті, Шымкент және Тараз қ-ның құрметті азаматы болды. Ленин,
Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.