АРЫСТАНБАЙТобылбайұлы (1811. Ақмола обл., Қорғалжын ауд. - 1888.сонда) -ақын.
Ш.Уәлиханов "Қазақтың халық поэзиясының түрлері" деген мақаласында Тоқтамыс, Едіге, Ер
Қосай, Ер Көкше туралы жыр, дастандарды алғаш А-дан тыңдағанын жазады, ақынды ірі сөз
шеберлерінің қатарына қосып, жырын жоғары бағалайды. А. Орынбай, Шөже, Сералы т.б.
ақындармен айтысында сөз құдіретін, адамгершілікті дәріптеп, зұлымдық пен озбырлықты
әшкерелейді. Өлеңдері мен айтыстары 1910 жылдан әртүрлі жинақтарда жарияланып келеді.