Қазақстанға қоныс аударған. ҚазҰУ-дың журналистика ф-тін бітірген(1974). 1974 - 1986 ж.
"ЖасАлаш" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1986 - 1991 ж. "Қазақстан коммунисі"
журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1991 - 1996 ж. "Халық кеңесі" газетінде бас
редактордың орынбасары, 1996 - 1999 ж. "Ақиқат" журналында бас редактордың орынбасары
қызметгерін атқарған. Қазір "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы. А-тың "Мынау ғажап
дүние" (1983), "Жанарымда - туған жер (1984), "Оққа тосылған от жүрек" (1985), "Сырымды
саған айтамын" (1990), "Ғұмыр-дария"(1997), "Таңғажайып тағдырлар" (1998), "Бізге беймәлім
бейнелер" (2000) атты кітаптары жарық көрген. О.Сүлейменов, С.Санбаев шығармаларын
қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ "Қажымұқан мен Қажытай" ("Қазақтелефильм", 1991), "Хан
Тәңірі" ("Казақтелефильм". 1994) деректі киноленталар сценарийлерінің авторы. Халықар.
"Алаш" сыйл. лауреаты (2005).
АУШАДИЯР - ауыз әдебиетінің тұрмыс-салт жырларына
жақын, қазіргі кезде ұмытылған көне жанры. Кейбір нұсқалары 20 ғ-дың 80-жылдарында
баспасөзде жарияланды. А. насихат, ғибрат айтуға негізделген. Ақыл-насихат айту арқылы
айтушы өзінің ақындық нанымын да. салт-дәстүрден қаншалықты хабардар екенін де
танытады. Сондықган А. көлемі айтушының қарым-қабілеті мен көңіл ауанына қарай өзгеріп
отырады. А-да бірден бастап, 25-ке. 50-ге санап отырып, насихат айтылады (100-гедейін жетуі
мүмкін). А.
термеден ертерек пайда болған деуге болады. Үгітті, үлгілі сөз, насихат толғаудың
оңайлау формасы ретінде туып, дами келе, терме жанрының дүниеге келуіне түрткі болған.
Достарыңызбен бөлісу: