"АУЫЛ ТІЛІ" - газет. Қызылорда қ-нда 1926 - 1929 шығып тұрды. Құрылтайшылары: Қазақ
өлкелік партия к-ті; ҚазАКСР ОАК-і, Кәсіпшілер одағы, Сырдария губ. партия к-ті мен атқару
к-ті. Алғашқы редакторлары - Жалау Мыңбаев. Елтай Ерназаров. Бейімбет Майлин, С.Сейфуллиннің "Ауыл байғұс, мінекей", С.Мұқановтың "Қысқы кіреші" өлеңдері. Б.Майлиннің
"Рахиланың көк тұсағы" әңгімесі, І.Жансүгіровтің "Қонақтар мен қожайын" сықағы ең алғаш осы
газетте жарияланды.
АХАТ Шәкерімұлы (1900. Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Шыңғыстау бөктері - 1884, Семей қ.) -
ақын, Шәкерім Құдайбердіұлының баласы. Семей пед. техникумын (1927). ҚазПИ-ді (қазіргі
ҚазҰПУ)бітірген (1935). 1927-34ж. туған ауылында, 1934 - 39 ж. Шымкент қ-сындағы, Жамбыл
обл. аудандарындағы орта мектептерде, 1967 жылға дейін Алматы обл. мектептерінде ұстаздық
қызмет атқарған. 1969 - 84 ж. Абайдың Жидебайдағы мұражайының директоры болды. А-тың ел
тағдырын, халықтың әлеум. хал-ахуалын терең
толғайтын көптеген өлең-жырлары, "Мисақ", "Ақын өрісі" сияқты кең тынысты бар. «Еңбек
Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатгалған.
АХЕТОВ Амантай (23.5.1947 ж.т., Көкшетау қ) - ақын, жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген. Алғашку
шығармалары "Откровение", "Мой друг, мой брат» жинақтарына енген. "Книга покаяния" (1989),
"Судный день" жинақтары "Три Георгия" романы жарық көрген.
АХМӘДИ Адалбек (22.3.1969 ж.т., ҚХР, Алтай өлкесі, Жеменей ауд.) -ақын. Шыңжаң ун-тін
бітірген (1993). 1996 ж. Қазақстанға қоныс аударған. Алғашқы шығармалары 1993 ж. Шыңжаңда
"Үкілі ырғай" атты таңдамалы жинақта жырлары жарық көрген. "Шолпан әлі туған жоқ" жыр
жинағының авторы. АХМАДИ Жанат (15.10.1943жт., ҚХР. ШҰАР. Іле Қазақобл. Қорғас ауд. Үш
Ақсу а.) - жазушы. Құлжа қ-ндағы зоомалдәрігерлік техникумын бітірген (1961). 1962 ж.
Қазақстанға қоныс аударған. 1962 - 72 ж. Қапал ауд-ндағы ұжымшарларда малдәрігері, 1972 -86ж.
Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Келінтөбе а-нда әр түрлі жұмыстар істеген. 1986 - 96 ж. Мемл.
Орт. мұрағатында кіші ғыл., аға ғыл. қызметтерін атқарған. 1995 - 2004 ж. бірыңғай шығарм-пен
айналысқан. 2004 жылдан ҚазҰУ-дың филол. ф-тінің фольклор лабораториясында
ғыл.қызметкер болып жұмыс істейді.