Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет14/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   677
АБДУЛЛИН Хамза Жармұхамедұлы (10.2.1919. Солт. Қазақстан обл. Булаев ауд. Калинин а. - 
10.2.  2001)  -ақын.  Петропавл  агротехникумын  (1932),  Омбы  қ-ндағы  ауыл  шаруашылық 
жұмысшылар ф-тін (1936) бітірген. Солт. Қазақстан обл. халық ағарту бөлімінде қызмет атқарған 
(1936  -  37).  Алматыда  Қазақстан  коммунистік  журналистік  ин-да  оқыған  (1937-  1940  ж.). 
2-дүниежүзілік  соғысқа  қатысып,  тұтқынға  түскен.  Тұтқындар  лагерінен  М.Шоқайдың 
бастамасымен құрылған "Түркістан легионы" құрамына алынып, М.Айтбаев сынды ақындармен 
бірге болған. Соғыс аяқталған соң, елге оралып, әміршіл-әкімшіл жүйенің саяси қуғын-сүргінін 
басынан  кешті.  Кейін  "Социалистік  Қазақстан"  (қазіргі  "Егемен  Қазақстан")  газетінде,  "Жаңа 
фильм"  журналында  қызмет  істеген.  А-нің  алғашқы  өлеңдері,  очерктері,  әңгімелері  мен 
фельетондары  1936  жылдан  бастап  баспасөз  бетінде  жарық  көре  бастады.  1940  ж. 
Бүкілқазақстандық  әдеби  конкурсқа  қатысып,  "Шойын  жолда"  атты  дастаны  бірінші  бәйгеге  ие 
болды.  А.  аудармамен  де  шұғылданған.  Оның  аудармасының  ішіндегі  шоқтығы  биігі  -  грузин 
ақыны Шота Руставелидің "Жолбарыс тонды жаһангез" дастанының қазақ тіліндегі аудармасы. А. 
бұдан  басқа  орыс, татар, башқұрт, қырғыз,  өзбек,  неміс  ақындарының  да  жекелеген өлеңдерін 
қазақ  тіліне  аударды.  Ғұмырының  соңында  "Түркістан  легионы"  құрамында  болған  қазақ 


азаматтары туралы құнды естеліктер жазып қалдырды. Медальдармен марапатталған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет