Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет12/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   677
''  АБДОЛЛАНАМЕ"  -  Хафиз  Таныш  ибн  Мир  Мұхаммед  әл-Бүхаридің  (16  ғ-дың  соңы  мен  17 
ғ-дың басы) тарихи шығармасы. Автордың Бұхара ханы Абдолла ІІ-ге арнаған бұл шығармасы 
"Шараф намаий шаһи" ("Шаһтар даңқы кітабы"), "Зафарнаме" ("Жеңіс кітабы") деп те аталады. 
Тәжік  әдеби  тілімен  (парсыша)  ұйқасты  қара  сөз  үлгісінде  жазылған."  А-де  Абдолла  ханның 
Хорезмге,  Дешті  Қыпшаққа,  Хорасанға.  қырғыздарға,  Орта  Азия  мен  Иранның  бірқатар 
аймақтарына  жасаған  автордың  өзі  куә  болған  әскери  жорықтары  сипатталады.  Орта  Азия  мен 
Қазақстан  халықтарының  этник.құрамы.соның  ішінде  қаңлы,  қыпшақ,  қарлұқ.  ұйғыр.  қоңырат 
тайпаларының  әдет-ғұрпы,  шаруашылығы  туралы  мәліметтер  бар.  Қазақ  хандығының  16  ғ-дың 
2-жартысындағы сыртқы саясаты. Шығай, Тәуекел, Ақназар хандар туралы деректер    қазақтардың 
Шайбани әулетімен Сыр бойындағы қалалар (Сауран. Созақ. Иасы, т.б.) үшін күресі   оның саяси 
мәні  көрсетілген.  Автор  Наршахидің  "Тарих-и  Бухара".  Рашид  әд-Диннің  "Жами  ат-Тауарих". 
Мүхаммед  Хайдар  Дулатидің  "Тарих-и  Рашиди",  Мирхондтың  "Раузатас-сафа",  т.б.  тарихи 
еңбектерді пайдаланған.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет