АБАҚАН КЕТЕ АМАНЖОЛ(1846, бұрынғы Сырдария обл. Қазалы уезіне қарасты "Аққыр"
болысы - 1916. қазіргі Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Куаңдария а.) -ақын. "Сұлу жар
ішпей-жемей көңілге тоқ", "Сөз сөйлейін", "Ата жолын білейік" атты өлеңдері мен "Ырысты қыз
бен 16 ақынның жұмбақ айтысы" атты шығармалары сақталған.
"АБАТ БАТЫР" - "Қырымның қырық батыры" топтамасына енетін эпостық жыр. Жыр ел
аузында аңыз. әңгіме түрінде сақгалған. Асан кайғының ұлы Абат батырдың елінің бостандығы,
тәуелсіздігі үшін соғыс, жекпе-жек шайқаста қарсыласы Қайбар батырды өлтіруі жайында
суреттеледі. Жыр толық сақталмаған, бұрын еш жерде жарияланбаған. Ауыз әдебиеті үлгілерін
жинаушы Асайын Хангелдіұлы үзік-үзік күйінде қағазға түсірген нұсқасы ҚР Орт. ғыл.