ӘБДІРАМАНШәмшиден (19.10. 1937 ж.т., Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Амангелді а.) -
жазушы, ғалым, пед. ғыл. докторы. ҚазҰТУ-ды бітірген (1960). 1960 - 64 "Білім
және еңбек" (қазіргі "Зерде") журналында әдеби қызметкер, 1964 -72 ж. Жезқазған
кенішінде инженер, Алжирде кеніштің бас инженері қызметтерін атқарған. 1973 жылдан
ҚазҰПУ-дың проф. Алғашқы әңгімесі " Көрінбес қорған" және тұңғыш кітабы
"Елгезек электр" 1963 ж. жарық көрген. "Әл-Мисақ", "Ақиқат формуласы" ғыл.-фантаст.
романдары мен "Әл-Фараби көпірі" кітабының, "Жер асты кен қазу технологиясы",
"Кен қазу технологиясының негіздері" (2003) оқулықтарының авторы. Ә. проф.
А.Машановтың ғыл.-әдеби мұраларын зертгеуге елеулі үлес қосты.