АДАМБЕКОВ Садықбек (15.11. 1922 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Арыс ауд. Қараспан а. - 15.1.2002)
- жазушы, ақын, драматург, сықақшы. Қызылорда пед. ин-тын (қазіргі Қорқытата атынд. мемл.
ун-ті) бітірген. 1945 - 68 жылдары "Оңтүстік Казақстан", "Қазақ әдебиеті" газеттерінде және
"Жұлдыз", "Ара- Шмель" журналдарында қызмет атқарды. "Қожанасыр қақпасы" (1959), "Көсенің
көзі" (1961), "Аюбайдың ажалы" (1981) атты жинақтары, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш сатиралық
роман "Атылған қыз" (1969. 1977. 1988) шығармасы жарық көрді. А-тің жекелеген шығармалары
шет ел тілдеріне аударылды. 1982 ж. шығармаларының екі томдығы жарық көрген.