Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет21/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   677
АВТОРЛЫҚ ҚОЛЖАЗБА - әдеби шығарманың автордың өз қолымен жазылған түпнұсқасы. А. 
қ.  шығарманы  жариялау  кезінде  оның  қандай  өзгеріске  ұшырағанын  білуге,  пайымдауға,  қажет 
жағдайда  ғылыми-текстологиялық  түзетулер  жасап,  алғашқы  нұсқасын  қалпына  келтіруде 
мүмкіндік береді.   
АҒАШАЯҚ, Берікбол Көпенұлы (1861. Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Мұқыр а. - 1932, сонда) - 
әнші, ақын, домбырашы, күйші. Ел аралап, жиын-тойларда түрлі ойындар көрсеткен. А. өнердің 
бірнеше  түрін  меңгерген.  Ол  әнші-күйшілік,  домбырашылық,  ақындық  өнеріне  қоса  биші, 
бесаспап  спортшы  болған.  Оның  "Ағашаяқ",  "Жиырма  бес",  "27  қыз",  "Жеті  ән",  "Ой,  дүние, 
кемпірім-ай",  "Аяғым-ай",  "Ахахау-ахау",  "Жетім  әні",  "Ұмпа-ұмпа  парадай",  "Құдіреттің  кер 
тайы-ай"  сияқты  күлдіргі  әндері  халық  арасында  жиі  орындалады.  Әміре  Қашаубаев  А-тың 
"Ағашаяқ"  әнін  Париж  сахнасында  орындаған.  Әміреден  оны  А.3атаевич  жазып  алып,  нотаға 
түсіріп "Қазақтың 500 ән-күйі" кітабында жариялады (1933). 
АҒАШАЯҚ  Назаролла  Жүндібайұлы  (1818,  бұрынғы  Семей  обл.  Өскемен  уезі,  Делбегетей 
болысы, Сапақ а. - 1898. қазіргі Шығ. Қазақстан обл. Жарма ауд. Саттық қыстағы) - әнші-ақын, 
өнерпаз. "Беташар", "Билерге", "Баласы Жүндібайдың атым Назар"," Атандым өзім Назар Ағашаяқ", 
"Жарқылдадым  жас  күнде",  "Кәрілік"  секілді  өлеңдері  көңіл  күйді,  өмірден  көріп  түйгендерін 
мысқыл, нақыл сөздері арқылы  білдіреді.  Оның "Қара  жорға",  "Ау,  жаным, Жәнікей-ау",  "Сары 
өзен"  әндері  ел  ішіне  кең  тараған.  А.  өлеңдері  Әдебиет  және  өнер  ин-ның  Қолжазбалар 
орталығында сақтаулы. 
АҒАШАЯҚ (шын аты Рақымберді) -19 ғ-да қазіргі Алматы обл. Райымбек ауданында өмір сүрген 
белгілі өнерпаз-әнші. "Ағашаяқ", "Қалды-ау, қалды-ау, қыз қалды-ау" әні арқылы есімі ел есінде 
сақталған.  
"АҒЫБАЙ  БАТЫР"  -  тарихи  жыр.  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт  азаттық  қозғалысына 
белсене қатысқан батыр Ағыбай Қоңырбайұлының (1802 - 1885) ерлік істерін баяндайды. Жырдың 
екі нұсқасы сақталған. Бірінші нұсқасында (қарағандылық жыршы Тәужи Айнатасовтан жазылып 
алынған) Кенесарының Түрікмен елінен бір тұлпар әкеп беру туралы өтінішін орындауға аттанған 
Ағыбай батырдың сапар кезіндегі ерліктері баяндалады. Бұл нұсқа толық емес. Екінші нұсқасы 
ақын,  халық  ауыз  әдебиетін  жинаушы  Нұрғали  Бейсеновтен  1949  ж.  жазылып  алынған.  Онда 
Ағыбай батыр қалмақпен соғысып, ерлік көрсетеді, даңқы бүкіл елге жайылған қолбасшы атанады. 
Екі  нұсқа  да  он  бір  буынды  қара  өлеңмен  жазылған.  "А.  б."  жырының  нұсқалары  Орт.  ғыл. 
кітапханасында және Әдебиет және өнер ин-ның Қолжазбалар орталығында сақтаулы.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет