Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет284/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   677
БАЛҒАБАЕВ  Зұлпыкар  (1874.  Оңт.  Қазақстан  обл.  Алғабас  ауд.  -  1941,  сонда)  -  ақын.  Шаян, 
Қарнақ  медреселерінде  оқыған.  Ақынның  "Қарабатыр  Құлшықтың  үш  қызына  айтқаны", 
"Алдабергенмен хат-айтысы", "Екі келіншекпен айтысы", " Нұралымен айтысы", " Шежіре жыр", 
"Әби белсендіге", т.б. шығармалары ел арасына кең тараған.   
БАЛҒАБАЙ Сұлтанәлі Базарбайұлы (21.5.1946 ж.т., Қызылорда обл. Шиелі ауд. Мұстафа Шоқай 
а.)-драматург,  жазушы.  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1971).  "Білім  және  еңбек"  (қазіргі  "Зерде"), 
"Мәдениет  және  тұрмыс"  (қазіргі"Парасат")  журналдарында,  "Жалын"  баспасында,  Қазақстан 
Жазушылар  одағында  қызмет  атқарған.  Ұзақ  жылдар  Қазақ  академиялық  жастар  мен  балалар 
театрында  әдебиет  бөлімінің  меңгерушісі  болды.  Қазір  Дүние  жүзі  қазақтары  қауымдастығы 
төрағасының  орынбасары,  "Алтын  бесік"  журналының  бас  редакторы.  "Бастау",  "Жұлдызың 
жансын" (1978), "Алтын сағым" (1979), "Құм мен қызғалдақ", "Шөл" (1984), "Дала мен дария" 
(1988),  "Красная  гармонь"  (1992),  "Қазақтың  қызыл  кітабы"  (1988),  т.б.  прозалық  кітаптардың 
авторы.  Шығармалары  украин,  өзбек,  қарақалпақ,  түрік,  т.б.  тілдерге  аударылған.  "Ғашықсыз 
ғасыр", "Қыз жиырмаға толғанда", " Қазақша күрес" (Мәдениет министрлігінің жабық бәйгесінің 
жүлдесін алған), "Жымбала, Мико және қасқыр", "Ең әдемі келіншек", "Тойдан қайтқан қазақтар", 
"Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек" пьесалары респ. және обл. театрларда қойылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет