Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет286/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   677
Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет) Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1868 ж. Ақмола обл. 
Еңбекшілдер ауд. – 1919 ж. Ақмола облысы, Тасты өзені бойы) - палуан, композитор, ақын. Әкесі 
Баймырза ағаш шебері болған. Балуан Шолақ    ән-күйге жасынан құмар болып өседі. Жас кезінде 
оң қолының саусақтары үсіген. Кейін күш-қажыры толысып, палуандығы танылған кезде Балуан 
Шолақ  атанады.  Ол  өзі  ұстаз  тұтқан  Біржан  сал,  Ақан  сері  әндерініңтамаша  орындаушысы  әрі 
насихатшысы болды, өзі де өлең шығарды. Арқаның әндерін Жетісуға жеткізді. Балуан Шолақтың 
"Ащылы-айрық", "Балуан Шолақ", "Желдірме", "Дікілдек", "Көкшетау", "Қосалқа", "Қос барабан", 
"Қос  перне",  "Құлан  кісінес",  "Кенже  қоңыр"  сияқты  әндері  бар.  Белгілі  музыка  зерттеушісі, 
фольклоршы А.В. Затаевич ел арасындағы әншілерден Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып 
алып,  оларды  "Казақ  халқының  1000  әні"  мен  "Қазақтың  500  ән-күйі"  жинақтарына  енгізді. 
Алматыдағы Спорт сарайы    Балуан Шолақ есімімен аталады.   
БАЛЫКИН Михаил Данилович (19.11.1924. Шығ. Қазақстан обл. Бесқарағай ауд. Канонерка 
а - 10.2. 2000. Алматы)  - ақын, жазушы, аудармашы. 1948 жылдан "Прииртышская правда", 
"Индустриальная  Карағанда"  газеттерінде  тілші,  "Советский  Казахстан"  журналында  әдеби 
қызметкер  болып  жұмыс  істеген.  Тұңғыш  кітабы  1951  ж.  жарық  көрді.  Б.Соқпақбаевтың, 
З.Шашкиннің  повестерін,  Д.Әбіловтің  поэмасын  орыс  тіліне  аударған.  Е.Брусиловскийдің 


"Наследники" операсына либретто (1964) жазған.   
БАПАН Тұраналыұлы  (1755, Ақмола обл. Ерейментау өңірі  - 1849. сонда) - би, шешен, ақын. 
Қанжығалы  Бөгенбай батырдың немересі.  Замандастарының  айтуынша,  Б.  би  "өзгеше  жаралған 
адам" аталып, парасаттылығымен жұртты аузына қаратқан. Елдіктің, ұлт бірлігінің жаршысы бола 
жүріп, ел арасындағы дау-дамайды дұрыс шеше білген. Бір жолы Ташкент бегінің қолына түсіп 
қалған  қандастарын  тілінің  өткірлігімен  тұтқыннан  азат  етеді.  Б.  бидің  нақыл  өлеңдері, 
толғау-жырлары, билік сөздері халық жадында сақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет