Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет298/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   677
БАЯНБАЕВ  Қастек  (15.11.1936  ж.т.,  Алматы  обл.  Алакөл  ауд.  Талдыбүлақ  а.)  -  ақын. 
ҚазҰУ-ды бітірген (1976). 1960 - 70 ж. Алакөл 


ауд. газетінде тілші, Алматы обл. "Жетісу" газетінде тілші, 1971  -79 ж. "Жазушы" баспасында 
бөлім  меңгерушісі,  "Жалын"  баспасында  бас  редактор  қызметтерін  атқарған.  Алғашқы  өлеңдер 
жинағы  "Арғымақ"  1962  ж.  жарық  көрді.  Ондаған  жыр  жинақтарының  авторы.  Шығармалары 
орыс,  украин,  белорус,  болгар,  молдован,  түрікмен,  әзербайжан,  литван  тілдеріне  аударылған. 
Бельгия  ақыны  Э.Верхарнның,  авар  ақыны  Р.Ғамзатовтың,  болгар  ақыны  ЛЛевчевтің,  орыс 
ақындары  С.Михалковтың,  Р.  Рождественскийдің,  З.Александрованың,  молдован  ақыны 
Г.Виерудің,  якут  ақыны  С.Даниловтың,  түркімен  ақыны  К.Тәңірқұлиевтің  т.б.  ақындардың 
шығармаларын  қазақ  тіліне  аударған.  Екі  томдық  "Орыс  поэзиясының  антологиясын"  аударуға 
қатысқан. Қазақстан Құрмет грамотасымен марапатталған. 
 
БАЯНДАУ - жазушының оқиғаны өз атынан не кейіпкератынан айтып беруі. Б. көркем әдебиетте 
ұтымды  әдіс  ретінде  қолданылады.  Көркем  әдебиеттегі  Б.  жазушының  шеберлігіне,  тілінің 
табиғилығы мен ой-нақылығына байланысты ұтымды көркемдік әдіс болып қалыптасқан. Әсіресе 
ұлттық  қазақ  прозасындағы  бұл  әдіс  шығармаға  дәстүрлі  әңгімешілдік  сипат  дарытатын  пішін 
ретінде бағаланып жүр.   
 
БАЯНДИН  Құттыбек  (17.7.1937,  Алматы обл. Үйгентас ауд. Қоғалы а.  -  29.5.2004,  Алматы)  - 
жазушы,  драматург.  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1966).  Бұрынғы  Семей,  Талдықорған  облыстарының 
"Семей таңы", "Октябрь туы" газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Талдықорған обл. 
партия  к-нде  нұсқаушы,  1982  жылдан  "Қайнар",  "Жалын",  "Балауса",  "Рауан"  баспаларында 
редактор,  Қазақстан  Баспа,  полиграфия  және  сауда  істері  жөніндегі  к-інде  бөлім  бастығы 
қызметтерін атқарған. "Жолың болсын, Жұлдыз", "Жаңғырық", "Күткен күн", "Кімсің сен?" атгы 
драмалық шығармалары обл. театр сахналарында қойылған. "Нар тұлға" деректі романы (1966), 
"Ғылым  тарланы"  деректі  романы  (2001)  жарық  көрген.  Орыс  жазушылары  Э.Успенскийдің 
"Қолтырауын Гена және басқалар" әңгімелер жинағын қазақ тіліне аударған. 
 
БӘДІҒҰЛ    Нүкеш  (15.12.1936.  ҚХР.  Дөрбілжін  ауд.  Ақсу  а  -  11.11.1999.  Алматы)  -  ақын. 
Шыңжаң халық ин-тын (1958). ҚазҰПУ-ды (1966) бітірген. 1962 ж. Қазақстанға қоныс аударған. 
1962  -  63  ж.  Мақаншы  ауд.  "Қызыл  партизан"  ұжымшарыңда,  Үржардағы  колхозаралық  құрылыс 
мекемесінде жұмыс істеген. 1966 - 83 ж. Алматы обл. "Жетісу" газетінде тілші. 1983 ж. Қазақстан 
Жазушылар одағында Көркем әдебиетгі насихаггау дирекциясында тілші, хатшының орынбасары, 
аға кеңесші больш қызмет атқарған. Тұңғыш өлеңдер кітабы 1956 ж. жарық көрді. "Жас  керуен" 
(1972),  "Бәйтерек"  (1974),  "Нұрлы  жұлдыздар"  (1976),  "Күлімде,  шуақ"  (1979),  "Жарық  сәуле" 
(1982), "Сырлы ағыс" (1984),    "Өмір сазы" (1986), "Аппақ дүние" (1989 ), "Енші" ( 1992) өлеңдер 
мен  поэмалар  жинақтары  басылып  шыкқан.  "Енші"  өлеңдер  кітабы  үшін  халықар.  "Алаш"  сыйл. 
берілді(1995). 
 
"БӘДУАМ" - көне әдеби мұралардың бірі. Алғаш 1846 ж. жарық көрген. Шығарма бәйіт түрінде 
жазылған. Алғашқы үш тармағы ұйқасып келеді де, төртінші тармағында "Алла деп айт, Бәдуам" 
деген қайырма қайталанып отырады.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет