БӘДІК ЖЫРЛАРЫ-тұрмыс-салтжырларының бір түрі. Алғашқыда ауру адамды немесе малды
емдеу мақсатында айтылған. Себебі, бақсы-балгерлік нанымға байланысты халық әр аурудың
"иесі" бар деп түсінген. Б. ж. "көш-көш" деп басталып, "көш-көш" деп аяқталады. "Асқар-асқар
тауға көш, ағыны қатты суға көш, айнала соққан желге көш, иесіз қалған жұртқа көш" деп ауру
адамның дертінөлеңмен арбап, қуып шығуға тырысқан. Ең соңында жұрт орындарынан тез түрып,
етек-жеңін қағып, "біз де көштік бәдік, сен де көш" деп, ауруды етектерімен ұшықтап тарасқан. Б.
ж. әдетте кешке қарай, іңір қараңғысында орындалған. Бірте-бірте Б. ж. -ын қыздар мен жігіттер
тобы болып бөліп айту салты шыққан. Кейін Б. ж. атқаратын міндеті түбірімен өзгеріске ұшырап,
жастардың сол сылтаумен бас қосып, көңіл көтеретін сауығына айналған.