БАЯЛИЕВКәрім (1.3.1927. Жамбыл обл. Жуалы ауд. Берікқара а. -14.6.2004) - жазушы.
Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қайраткері (1982). ҚазҰУ-ды бітірген (1947). 1947 - 49 ж.
Жамбыл обл. әділет басқармасы бастығының орынбасары. 1950 - 55 ж. Жамбыл
зоотехникумында мұғалім. 1955 - 59 ж. Жамбыл обл. "Еңбек туы" (қазіргі "Ақ жол") газетінде
әдеби қызметкер, Қазақстан Жазушылар одағының обл. бөлімшесінің кеңесші қызметтерін
атқарған. 1959 жылдан зейнеткерлікке шыққанша Қазақ радиосының Жамбыл обл-дағы
меншікті тілшісі болды. Алғашқы әңгімелер жинағы "Жол үстінде" 1959 ж. жарық көрді.
"Оралу", "Атаң келеді артында", "Қос дегелек" спектакльдері Жамбыл обл. қазақ драма
театрында, Шымкент обл. қазақ драма театрында және Қырғызстанның Ош театрында
қойылған. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1977).
"БАЯН" - тарихи дастан. Халық ақыны Көшен Елеуов 1939 ж. жазып, 1947 ж. қайта өңдеген.
Дастанда Баян өңірінде болған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс суреттеледі. Дастан 15
тараудан тұрады. Шығарма бұрын еш жерде жарияланбаған, өлең құрылысы он бір буынды
кара өлең үлгісімен жазылған. Қолжазба нұсқасы Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы.