Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет346/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   677
БӨЛТІРІК  Әлменұлы  (1771,  Жамбыл  обл.  Шу  ауд.  -  1854.  сон-да)  -  шешен,  батыр.  Оның 
шешендік өнеріне А.Байтұрсынов, М.Ж. Көпеев, С.Сейфуллин, З.Қабдолов, Ж.Дәдебаев, т.б. өз 
еңбектерінде тоқталған. Халық ақындары К.Әзірбаевтың "Аңыздар сыры" (1969), Б.Бигелдиевтің 
"Балқаш" (1970) Б-тің батырлығы    бейнеленген    аңыз дастандар бар. 
 
БӨПЕЖАНОВА Әлия (4.12.1952 ж.т.. Жамбыл обл. Сарысу ауд. Саудакент а.) - сыншы. Қыздар 
пед. ун-тін (1973). ҚазҰУ-дың аспирантурасын бітірген. 1973 - 75 ж. Сарысу ауд. Жайлаукөл 
орта мектебінде мұғалім, (1975 - 79 ж. "Қайнар", "Жалын" баспаларында редактор, 1980 - 2001 ж. 
"Қазақ  әдебиеті"  газетінде  тілші,  бөлім  меңгерушісі.  2001  -  03  ж.  "Алтын  Орда"  апталығының 
Алматыдағы тілшілік бөлімінің жетекшісі қызметтерін атқарған. 2003 жылдан "Хабар" агентгігінде 
сарапшы-редактор. Алғашқы сын мақалалары 1980 жылдан "Жұлдыз" журналы, "Қазақ әдебиеті" 


газетінде жарияланған. Бірнеше мақалалары "Уақыт және қаламгер", "Сөзстан", "Жастар жастар 
туралы"  жинақтарына  енген.  "Өрнектер"  (1991),  "Дүние  -  имани  құбылыс"  (2001),  "Парасат 
падишасы"  (1998),  "Болмыспен  бетпе-бет" (2001) кітаптарының,  "Кек" драмалық  жобасының 
(2001)  авторы.  Орыс  жазушысы  И.Ракшаның  "Қайран,  дүние"  повестер  жинағын  (1985). 
А.Лауринчюкастың  "Соңғы  аманат"  (1987),  Р.Солнцевтің  "Мұнар  да  мұнар,  мұнар  күн"  (1989) 
драмаларын,  Е.Замятиннің  "Еділ  патша"  ("Аттила")  1996)  трагедиясын,  В.Смеховтың  "Әлі  баба 
және қырық қарақшы" (1998) мюзикліын қазақ тіліне аударған. Халықар. "Алаш" сыйл. лауреаты 
(2002).   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет