Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет354/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   677
 
БҮРКІТБАЕВ  Әлімқұл  (16.3.19-42,  Жамбыл  обл.  Шу  ауд.  Абай  а.  -  24.8.2003.  Алматы)  - 
жазушы, ғалым, пед. ғыл. кандидаты (1974), Қазақстанның еңб. сің. жаттықтырушысы. Бішкек 
дене тәрбиесі ин-тын, Пекин ун-тінің шығыс медицинасы ф-тін, Орталық физкультура ин-тының 
аспирантурасын (1974) бітірген. Бокстан Қырғызстанның бес дүркін чемпионы. 1965 - 67 ж. Шу 
қалалық  спорт  к-тінің  төрағасы,  1968-69  ж.  Жамбыл  обл.  комсомол    к-тінің    бөлім     
меңгерушісі,  1969  -  71  ж.  Жамбыл  обл.  спортк-ті  төрағасының  орынбасары,  1971  -  75  ж.  обл. 
жастар спорт мектебінің директоры, 1975 жылдан ҚР Оқу министрлігінде министрдің көмекшісі, 
ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 
 
БЫСТРОВ Олег (6.5.1950 ж.т.. Қырғызстан Ош обл. Өзген ауд. Мырзақы а.) - жазушы. "Омут на 
Тихой" повесі (1985), "Ржавчина" (1988) романы, "Опавшие листья" және "Тоска росы" повестері 
жарық көрген. 
 
БІЛЕК  Тұмарбайқызы (XIX  ғ-да өмір сүрген, Бат. Қазақстан өңірі. Жиделі, Бекетай құмдары  - 
ақын. Жастай жанарынан айырылып, зағип болған. "Мақашқа көңіл айту" толғауы ел ішінде кең 
тараған.  Бұл  жоқтаудың  бір  нұсқасы  "XIX  ғасырдағы  қазақ  поэзиясы"  (1985)  жинағында, 
толығырақ  нұсқасы  Ө.Әлімгереевтің  "Мақаш  әкім"  (Ганюшкин, 1992) кітабында  жарық  көрген. 
Бірқатар өлең. толғаулары Орт.ғыл. кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы. 
 
"БІЛІМ" - баспа. 1993 ж. 25 қарашада құрылған. "Б." оқулықтар, ғыл.-танымдық, анықтамалық 
әдебиеттермен қатар әлеум.-саяси маңызы зор, өзекті тақырыпты қамтитын кітаптарды әзірлейді. 
Баспадан жыл сайын 40-қа жуық басылым жарық көреді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет