БӨРЕКЕШОВНәби (13.9.1926, Ақтөбе обл. қазіргі Байғанин ауд., -1985. Алматы) - жазушы.
Өзбекстан КП ОК жанындағы Жоғ. партия мектебінің журналистика ф-тін (1955).
Қарақалпақстан пед. ин-тын (1964) бітірген. Қарақалпақстандағы "Лениншіл жас" (1956 -70).
"Совет Қарақалпақстаны" газеттерінде бөлім меңгерушісі, "Қарақалпақстан" баспасы бас
редакторының орынбасары, Қарақалпақ телевизиясының аға редакторы қызметтерін атқарған.
1970 жылдан Қазақстан телерадио к-тінде аға редактор, "Казақстан" баспасында бөлім меңгерушісі
болып қызмет істеген. Өзбек жазушысы А.Мұхтардың балаларға арналған "Ашыған сүт"
кітапшасын, өзбек ақындары С.Акбари мен Х.Шәріповтың өлеңдерін, қазақ ақыны Қ.Бекхожиннің
"Дала комиссары" поэмасынан үзіндіні қарақалпақ тіліне аударған.
БӨРИЕВ Әміртай (16.11.1946 ж. т., Жамбыл обл. Жуалы ауд. Қызтоған а.) - жазушы. ҚазҰУ-ды
бітірген(1968). 1968-70, 1972-75ж. "Казақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби
қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1970 - 72 ж. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде әдеби
қызметкер, 1975 - 76 ж. Қазақ телерадио к-тінде редактор, 1976 жылдан "Қазақфильм"
киностудиясында редактор болып қызмет атқарған. Тұңғыш повесі "Ақбидай" 1976 ж. жарық
көрген. 1976 ж. "Жалын" баспасы ұйымдастырған жабық бәйгеде "Мейір гүлдеген жерде" повесі
екінші сыйл. ие болды. "Алматы хикаялары" (1978), "Арманына жолыққан адам" (1982) әңгімелер
мен повестер жинақтары жарық көрген. "Кел біздің ауылға", "Ештен кеш емес", "Кіндік шеше". т.б.
пьесалар, М.Әуезов, Ж.Жабаев, С.Мұқанов, М.Жолдасбеков туралы деректі фильмдердің
сценарийін жазған. "Доңыз деген не?" мультфильмінің сценарийі жабық бәйгенің екінші жүлдесін
иеленді. Орыс жазушылары А.П. Чеховтың Дұшпандар", В.Бубнистің "Шалғы шыңылы"
әңгімелерін, моңғол жазушысы Г.Тарманның "Аққайнар" романын қазақтіліне аударған.
БРАГИН Алексей Иванович (14.7.1911 ж.т.. Ленинград обл. Репинос.) - жазушы, аудармашы.
Солт. Кавказ ун-тін бітірген (1931). 1931-41 ж. газет-журналдарда еңбек еткен. 1941 - 53 ж.
"Комсомольская правда" газетінде тілші, 1954 - 65 ж. "Простор" журналында, Қазақстан
Жазушылар одағында қызмет істеген. 1965 жылдан шығарм. жұмыста. Алғашқы очерктер жинағы
"Төрт қаһарман" 1958 ж. жарық көрген. Ж.Жабаевтың өлеңдерін, С.Сейфуллиннің пьесаларын,
С.Мұқановтың "Менің мектептерім" (2,3-кіт.), "Мөлдір махаббат", "Аққан жұлдыз" романдарын
орыс тіліне аударған. "Құрмет белгісі" орденімен (1984), "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен
марапатгалған.