БҮҒЫБАЕВАҚанипа Әбдірахманқызы (19.3.1942. Алматы обл. Жансүгіров ауд. Ақын Сара а.
-22.12.2004. Алматы) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1983). 1960 - 63 ж. ауылда мәдениет үйінің
меңгерушісі. 1963 - 64 ж. Нарынқол ауд. халық театрында қызметкер. 1980 - 87 ж. Алматы обл.
Жамбыл ауд-нда автоклуб меңгерушісі, 1988 - 90 ж. өлкетану музейінде ғыл. қызметкер болып
жұмыс істеген. 1990 жылдан шығарм. жұмыспен айналысқан. Алғашқы өлеңдері 1959 жылдан
"Жетісу", "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш"), "Қазақ әдебиеті" газеттері мен "Қазақстан
әйелдері" журналында жарияланған. Ондаған жыр жинақтарының авторы. "Чудесный сад" кітабы
орыс тілінде жарық көрген (1980). Қазақстан Жоғ. Кеңесінің грамотасымен марапатталған (1962).
Халықар. "Алаш" әдеби сыйл. лауреаты (2003).
БҰДАБАЙ Қабылұлы (1842, Қызылорда обл. Шиелі ауд. - 1912, сонда) - ақын. Б-дың алғаш ақын
ретінде танылуы Қарлығаш қызбен айтысынан басталады. Б. шығармаларын жазып қалдырған.
Ақынның "Әйекені жоқтау" деп аталатын жыры ел арасында кең тараған. Жыр Я.Лютшьтің
Ташкент қ-нан шығарған "Киргизская хрестоматия" жинағына енген, кейін Ә.Диваев бұл
жоқтаудың толығырақ нұсқасын экспедиция жинағында бастырған. Б-дың "Әлмембетке", "Әжібай
мен Торғайға", "Аппазға", "Өзім жайлы", "Көңіл туралы", "Өмір туралы", т.б. өлеңдері, "Әшірдің
баласы Сыздықты жоқтау", "Әлмембеттің жалғыз баласы өлгенде" жоқтаулары сақталған.
Жырлары "Ғасырлар толқыны" (2004) жинағына енген.