ГУНДАРЕВВладимир Романович (Сибирский) (19.7.1944 ж.т., Новосібір обл. Кыштов ауд.
Большеречье с.) -ақын, жазушы. Бұрынғы Целиноград пед. ин-тында оқыған. Газет, радио,
теледидар редакцияларында жұмыс істеген. 1970 - 90 ж. Қазақстан Жазушылар одағы
Целиноград (қазіргі Астана) облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі болған. 1990 жылдан
бері өзі ұйымдастырған "Нива" журналының бас редакторы. 1994 - 98 ж. "Столичный проспект"
газетінің бас редакторы қызметін атқарды. "Деревня моя деревянная" (1973), "Зимопись" (1976),
Главный агроном целины" (1979), "Светлая река" (1980), "Светлынь река" (1980), "Семь дней и
вся жизнь" (1987), "Здесь прописаны наши сердца" (1994), "В сердце и памяти поколений"
(2000). т.б. поэзиялық, прозалық кітаптары жарық көрген. Г. бірнеше медальдармен
марапатталған.