Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет378/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   677
ҒАБДЫРОВ Елеукен Хамидоллаұлы (25.12.1912. Атырау обл. Индер ауд. - 16.10.1989. Алматы) - 
ғалым,  филол.  ғыл.  докт.  (1968).  ҚазҰУ-ды  бітірген(1944).  1944-62ж.  ҚазҰУ-да  оқытушы,  аға 
оқытушы,  доцент,  филол.  ф-тінің  деканы,  1962  -  87  ж.  Әдебиет  және  өнер  ин-тында  бөлім 
меңгерушісі, аға ғыл. қызметкер, Қазақстандағы орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі қызметтерін 
атқарған. 1987 жылдан осы ин-тың ғыл. кеңесшісі. Ғ. 60-тан аса ғыл.-зерт. еңбектерінің авторы. 
 
ҒАЗЕЛ - парсы-тәжік және түркі тілдес халықгар поэзиясында орта ғасырларда ерекше дамыған, 
кемі үштен он екіге дейін бәйіттен тұратын шағын лирикалық өлең. Ұйқас түрі а а, b a, с а, d, а, т.с.с. 
болып келеді. Екі жолдық бәйітпен өріліп, соңғы бәйітте, көбінесе, автордың поэтикалық есімі 
(тахаллус)  беріледі.  Негізгі  мазмұны  -  махаббат  сезімін  жырлау  болып  келеді.  Сәтті,  сәтсіз 
махаббат күйі шертіледі. Ғ-дің айтулы шеберлері - Низами, Сағди, Хафиз, Жәми, Науаи, т.б. Ғ. жанры 
кейін Бат. Еуропа әдебиетіне де көшкен. Неміс поэзиясында (И.Гете, Ф.Боденштед, А.Платен), орыс 


әдебиетінде (А.Фет, В.Брюсов, В.Иванов, М.Кузьмин) Ғ. жанрында өлеңдер жазылды. Алайда, Ғ. таза 
шығыстық  стильді  талап  ететіндіктен,  Бат.  Еуропа  ақындарының  шығармалары  поэтикалық 
тәжірибе, стильдік еліктеу түрінде болды. Түркі халыкгарының кейінгі поэзиясындада Ғ. жанрында 
жазылған шығармалар бар. Мыс., түрік әдебиетінде Шейһ Галип, Яхуа Кемал, қазақ әдебиетінде Ақан 
сері, Әсет, т.б. ақындар. 
 
ҒАЗИЗ Файзоллаұлы (т.ж.б., Ақмола обл. Целиноград ауд. Қараөткел а. - 1930. Петропавл қ.) - әнші, 
ақын,  композитор.  Қоянды  жәрмеңкесінде  өнер  сайысына  түскен.  Әнді,  көбінесе,  он  екі  тілді 
сырнаймен  орындаған.  Оның  екі  әні  А..В.Затаевич  құрастырған  "Қазақ  халқының  1000  әні" 
жинағында  жарияланған.  Ғ-дің  әншілік  талантын  Ақан  сері,  К.Бабақов,  Ж.Елебеков,  жазушы 
С.Мұқанов жоғары бағалаған. Ғ. - "Мұқыш қыз", " Қарақат", " Төрт Райхан", "Қарағайлы", "Қоңыр", 
"Шалқыма",  "Көктің  көлі",  "Қайран  Мұқыш",  "Ақ  еркеш",  "Іңкәржан",  "Қарындаш",  т.б.  әндердің 
авторы. Оның әсіресе, "Ғазиз", "Шалқыма" әндері халық арасына кең тараған.   
 
ҒАҚЫЛИЯ  (араб.  -  ақылмен  үғыну)  -  дүние  сыры  терең  таразыланған  ой-пікірлер.  Прозаның 
алғашқы  қысқа  да  нұсқа  үлгілерінің  бірі.  Ғ.  термині  қазақ  әдебиеті  тарихында  исламдық  танымға 
байланысты  Абайдың  38-қара  сөзінде,  Ы.Алтынсариннің  "Шариат-ул-ислам"  деп  аталатын 
кітабында  (Мұсылмандық  тұтқасы,  А,  1991.  18-6.),  Мәди  Меркішұлының  "Туһфа  уа  жүмхурият" 
рисаласында (Ташкент, 1917. 24 б.) алғаш рет    қолданыс тапқан. Ғ-а жүйріктер хакім, нақылияға 
жүйріктер ғалым аталады. Хакім ғалымнан биік тұрады, өйткені хакім ғылымның бір саласымен ғана 
айналыспай,  ортақ  заңдылықтарды  танып  ашуға  ұмтылған  бесаспап  ойшылдығы  себепті  де  бұл 
дәрежеге  жете  алады.  Абай  38-сөзінде  адамдарды  төрт  топқа  бөліп  қарайды.  Осы  себепті  болса 
керек, М.Әуезов Абайдағы мораль философиясын сөз еткенде "38-қара сөзді" бөле-жара "ғақылият 
тасдихат" деп атауына терең ойлы таным жатады.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет