ҒАБДУЛЛАҰЛЫ Серік (17.8. 1937 ж.т., Шығ. Қазақстан обл. Ұлан ауд. Шымқора а.) - ақын.
ҚазҰУ-ды бітірген (1966). 1966 - 91ж. Шығ. Қазақстан обл. "Дидар" (бұрынғы "Коммунизм туы")
газетінде тілші, 1991- 95 ж. Шығ. Қазақстан обл. "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы, 2001 жылдан
Өскеменде шығатын "Ақ Ертіс" журналының бас редакторы, "Көктем лебі" (топтама 1975).
"Бұқтырма сарыны" (1978), "Көктем - көкөрім шағым" (1982), "Ақ босаға" (салт-дәстүр танымы.
1993), "Жылдардан жеткен жаңғырық" (1995. очерктер жинағы), "Сөйле, менің жүрегім" (1998),
"Алтай асу" (2003), "Ұланғайыр" (2003) жыр жинақтары жарық көрген.