ҒАППАРБіләлұлы (7.10.1938 ж.т., ҚХР. Тарбағатай аймағы, Майлы мекені) - жазушы. ҚХР
Жазушылар одағының мүшесі. ШҰАР әдеби сыйл. иегері. Тарбағатай аймақтық пед. мектебін
бітірген (1955). Әр түрлі қызметтер атқарған. Шығармалары 1957 жылдан басылымдарда жарық
көрген.
"ҒАЯР ҚАТЫН" - дастан. 7 - 8 буынды жыр үлгісі түрінде, кейде 11 буынды болып келетін қара
өлең үлгісінде құрылған. Жырды халық ақыны С.Керімбеков Қозыбағар деген ақыннан 1935 ж.
жазып алған. "Ғ.қ." дастанының сюжеті - Шығыс және Батыс әдебиеттеріне ерте дәуірде кеңінен
тараған көне үнді фольклорынан бастау алады. Дастанның кззақ халқының арасына тараған
үлгісінің негізгі тақырыбына - теріс жолмен баюды көздеген аяр әйелдің күйеуімен бірігіп істеген
түрлі істері, елді арбап, алдауы негіз болады. Дастанның қазақ әдебиетінде қалыптасқан үлгісінің
сюжеті - көне үнді фольклорындағы және әлем әдебиетіне тараған нұсқасынан көп алшақ кетпеген.
Дегенмен шығыс халықтары әдебиетінде "Ғ. қ." дастанының қарасөз түрінде келіп, новеллалық,
хикаяттық формада кездесетін үлгісі де бар. "Ғ. қ." көптомдық "Қазақ халық әдебиеті" жинағының
13-томында (1990) жарияланған. Толық қолжазба нұсқасы Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы.
ҒҰЛАМА, ұлама (араб. - "білгір", "дана") - білімді, оқымысты ғалым, асқан ақыл-ойдың иесі.
Ислам дінінің таралуына орай қазақ халқы Құран Кәрімнің аяттарын, шариғат пен хадис
талаптарын жатқа білетін әрі мұсылмандықтың этик.-құқықтық қағидаларын жетік меңгерген
адамдарды "Ғ." атаған. Ғ-лар медресе-мешіттердегі рухани лауазым иелері - мұхаддис, факих,
мұтақалим, дамолла, т.б. тәрізді шәкірт тәрбиелеп, ел қүрметіне бөленген. Сондықтан қазақ
халқының дәстүрлі ұғымында Ғ-лар ғылым-білім игеруге құштарлықтың, рухани тазалықтың,
ұлағаттылық пен кемелдіктің иесі. Өз заманынан оза ой айтып, құнды әдеби-ғыл. мұралар
калдырған, сол арқылы ұлт мәдениетінің кемелденуіне үлес қосқан кемеңгер тұлғаларды (мыс.,
әл-Фараби, Абай, Қ.Сәтбаев, т.б.) да құрметтеп, Ғ. деп атайды.