Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет386/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   677
ҒЫЛЫМИ  ФАНТАСТИКА  (ағылш.  science  fiction  -  ғыл.  туынды)  -  көркем  әдебиетте, 
сондай-ақ,  кино,  кескіндеме,  т.б.  өнер  салаларында  қалыптасқан  жанрлық  түр.  Ғ.  ф.  өнердегі 
дербес жанр ретінде 20 ғ-да қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз 
әдебиетінде  жатыр. Оған қиял-ғажайыптық,  ертегілік қасиет те  тән.  Фантастика  (грек.phantasia 
-қиялдау,  phantastike  -  қиялдау  өнері)  ұғымының  өзі  де  қиялдану  өнеріне  байланысты  пайда 
болған. Қазіргі    әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың "ертегілік" және "ғылыми" 
белгілерінің ара жігі жыратылмаған. Әдебиетте Ғ. ф. - ғ ы л. поэзия    және    ғыл. проза болып, 
екі  пішінде  қалыптасты.  Ғыл.  поэзия  терминін  әдебиеттану  саласында  алғаш  француз 
поэзиясының  теоретигі  Рене  Гиль  "Сөз  туралы  трактат"  (1896)  еңбегінде  қолданды.  Ол  ғыл. 
поэзияның белгілері ежелгі дәуір еңбегінің өкілі Рим ойшылы К.Лукрецийдің "Заттың табиғаты" 
поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы Ғ. ф. жалпы фантастикалық арнадан 
бөлекше, филос.-әлеум. бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғ. ф. прозаның барлық жанрында 
(роман,  повесть,  әңгіме,  т.б.)  қарқынды  дамып,  көркем  әдебиеттің  арнаулы  саласына  айналды. 
Әлемдік  әдебиеттегі  Ғ.  ф-ның  ірі  өкілдері:  Ж.Верн,  Г.Уэллс,  О.Чапек,  СЛем,  Р.Бредбери,А.Кларк, 
Р.Шеклин, О.Хаксли, А.Р. Беляев, И.А. Ефремов, А.Азимов, К.Сайман, ағайынды А.Н. және Б.Н. 
Стругацкийлер. Зерттеушілердің пікірінше қазақ әдебиетіндегі Ғ. ф. жанрының алғашқы белгілері 
ертегілерден ("Ер Төстік", "Ұшқыш кілем", т.б.) аңыздардан ("Қорқыт Ата", "Баба түкті шашты   
Әзіз",  т.б.)  бастау  алады  Ғ.  ф.  дербес  жанр  ретінде  А.Машанов,  Т.Сұлтанбеков,  М.Сәрсеев, 
А.Мархабаев, Р.Баймаханов, Ш.Әлімбаев, т.б. шығармалары арқылы қалыптасты. 
 
ДАБЫЛОВ Молдахмет (1893, Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Қашқансу өңірі - 18.12.1946, 
сонда) - жырау. Даңмұрын ақынның шәкірті болған. "Көрұғлы" дастанының бірнеше саласын 
жатқа айтқан. Д. Сыр бойы ақындарының жыр, толғауларын домбыраға қосып жырлаған. 1917 
ж.  Шәкейсал  Дәруішқызының  жұмбақ  айтысына  қатысқан.  1944  -45  ж.  Т.Үркімбаевпен 
айтысқан.  Д.  "Қашқансу  -  туған  жерім",  "Дана  ақын  Даңмұрын",  "Нартай  ақынға",  " 
Шаһнаманы оқығанда", т.б. өлеңдерін, "Шыбық қыз", "Сарғасқа атты Келмембет" дастандарын 
жазған.  1945  ж.  Қазақстан  Жоғ.  Кеңесінің  Құрмет  грамотасымен  марапатталған.  1993ж. 
Қызылорда  обл.  Қармақшы  ауданында  ақынның  100  жылдық  мерейтойы  аталып  өтіп, 
аудандағы көшенің біріне Д. есімі берілді. 


ДАЙРАБАЙ  Тынышбек  Майлыбайұлы  (13.2.1943  ж.т.,  Қызылорда  обл.  Жалағаш  ауд. 
Жаңаталап  а.)  -  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинаушы.  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1969).  Сыр  өңірінен 
шыққан  атақты  би,  шешен,  батыр,  жыраулардың  шығармаларын  жинаумен  айналысқан.  "Дүр 
Оңғар" (1992"), "Қаңлы Жүсіп" (1994), "Кете Жүсіп". т.б. кітаптарын құрастырушы. 
 
ДАЙЫРОВА Әнеш Мұқатайқызы (9.9.1927, Жезқазған обл. Ақтоғай ауд. Ақтоғай а. - 1997. 
Алматы)  -  ғалым,  филол.  ғыл. канд.  (1964). ҚазҰУ-ды(1951),  КазҰПУ-дың  аспирантурасын 
бітірген (1963). 1951 -1954, 1964 - 1997 ж. Ы.Алтынсарин атынд, пед. ғыл.-зерт. ин-тында ғыл. 
қызметкер, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1954 - 1960 ж. ҚР-ның А.С. Пушкин атынд. 
мемл. кітапханасында (қазіргі Ұлттық кітапхана) аға библиограф қызметтерін атқарған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет