ҒҰМАРОВА Мәлике Ғұмарқызы (20.12.1918, бұрынғы Орал обл. Орда ауд. Орда қ.-1994.
Алматы) -фольклортанушы-ғалым, текстология маманы, филол. ғыл. канд. (1953). ҚазҰПУ-ды
бітірген (1941). 1941- 1942ж. орта мектепте мүғалім, 1942 - 43 ж. қазақ киностудиясында ассистент,
режиссер. 1943 - 87 ж. ҚР ҒА Тіл және әдебиет ин-ты текстология-қолжазба бөлімінің кіші. аға
ғыл. қызметкері болып жұмыс істеген.
ҒҰМЫРНАМА, мемуар (грек. bios- өмір, grapho - жазамын) -жеке тұлғаның өмірі мен атқарған
жұмыстарының жылнамасы. Әдебиетгану ғылымында жазушының өмір жолын зерттеу. Бұл
зерттеушілік жұмыс үшін өте қажетті, өйткені суреткердің өмірлік тәжірибесінің әлеум.
тұрмыстық жай-күйі, толғаныстары көркем шығарм-та көрініс береді. Көркем образдардың
прототиптерін білуге. шығарм. процесте жеке өмірлік материалдардың қорытылу жайын түсінуге,
суреткердің лабораториялық құпиясын ашуға көмектеседі. Сондай-ақ, күнделіктер, хаттар,
замандастарының естеліктері және суреткердің өзі жазып қалдырған әр түрлі деректер ғұмырнама
жазуға негіз болады. Биографияның бір түрі - автобиография, яғни, автордың өзі жазып қалдырған
ғұмырнамасы. Ғ. - к ө р к е м Ғ., ғ ы л. Ғ., академиялық Ғ., т.б. түрлерге бөлінеді. Ғ. жазу дәстүрі
көне дәуірден басталады (мыс.. Плутахтың "Салыстырмалы өмірі"). Әлемдік әдебиетте Ғ. жазудың
шеберлері қатарында Дж. Вазары, Дж. Фостер, С.Цвейг, Р.Роллан, т.б. аталады. Көне түркі
ескерткіштері де (7 ғ.) Ғ. үлгісімен жазылған. Мүның өзі қазақ әдебиетіндегі Ғ. жанрының тарихы
ертеден басталатынын аңғартады. М.Дулатовтың 20 ғ. басындағы Ғ-лық мақалалары,
М.Әуезовтің Абай, А.Жұбановтың Құрманғазы өмірі мен шығарм. туралы жазған кітаптары қазақ
әдебиетіндегі Ғ. жанрының кемелденуіне ықпал етті. Кеңестер Одағында "Тамаша адамдар өмірі"
Ғ-лық сериясы танымал болған. 20 ғ-дың соңында Д. Қонаев, X. Ерғалиев, М. Мағауин, Ә.
Нұршайықов, Қ.Жұмаділов, т.б. тұлғалардың Ғ-лық шығармалары жарияланған.
"ҒЫЛЫМ" - республикалық ғылыми әдебиеттер баспасы. Қазақстан ҒА Төралқасының шешімімен
1946 ж. Алматыда ұйымдастырылған. 1992 жылға дейін "Наука" баспасы аталған. Алғашқыда
редакциялық баспа кеңесін Қ.Сәтбаев басқарған. Тұңғыш директоры Б.Я. Нинбург. 1948 ж. 17
қарашада Қазақстан ҒА-ның дербес баспасы ретінде қайта құрылды. 1962 ж.Баспа, полиграфия
және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-тке карасты ғыл. әдебиеттер шығаратын баспаға
айналған. 2001 ж. ҚР Білім және ғылым мин-нің "Ғ." баспасы болып қайта құрылды. "Ғ." -
республикадағы ең ірі баспалардың бірі. Полиграф. базасы, өз баспаханасы бар. Негізінен, ғыл.
монографиялар мен жеке және ұжымдық ғыл.-зерт. жұмыстарын, ҰҒА-ның журналдарын,
ғыл.-көпшілік, ғыл.-көркем, сондай-ақ, танымдық әдебиеттер, әр түрлі салалық сөздіктер мен
анықтамалықтар шығарады. 1946 - 2000 ж. "Ғ" баспасынан қазақ, орыс, ұйғыр және басқа халықтар
тілінде 31 млн-нан астам данамен 13307 кітап пен журналдар жарық көрді. Баспа шетелдік
әріптестерімен тығыз кәсіби байланыс орнатқан.