ДӘРІМБЕТ Батырхан Ерғалиұлы (5.12.1951. Қызылорда обл. Арал ауд. Ақбай а. - 7.6.2005.
Алматы) - ғалым. филол. ғыл. канд. ҚазҰУ-ды бітірген (1977). 1979 жылдан Әдебиет және өнер
ин-тының ғыл. қызметкері, аға қызметкері, 1998 жылдан "Жас Түркістан" журналының бас
редакторы.
ДӘСТЕМ Қарабасұлы (1677. Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Гүлтөбе қонысы - 1752, Ресей,
Қорған обл. Петухово ауд. Өзентал қыстауы) - ақын, күйші, Толыбай сыншының немересі,
Қарабас батырдың үшінші ұлы. Ауыл молдасынан сауат ашқан. Д. өлең-жыр шығарып, ән салу,
сыбызғы, домбыра тарту өнерін медреседе жүргенде тастамай, жетілдіре берген. Ел арасында
сыбызғымен күй тартып, домбырамен ән шырқап, өлең-жырлар шығарып, сал-серілік
құрғандықтан, ақын Д., әнші Д., сал Д., сері Д., жыршы Д. атанады. Д. 17 ғ-дың соңы мен 18
ғ-дың 1-жартысындағы қазақ-калмақ соғысына қатысқан. "Хан - сұжандар", "Бозқозыұлы
Бөкенбай", "Дәстемнама" тарихи дастандар, Гүлжаһан", "Майдан", "Ақбоз ат" деген әндер,
"Шайқас", "Жекпе-жек", "Ақиық", "Шыжым", т.б. күйлер шығарған.
Достарыңызбен бөлісу: |