"ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛЫ" - Қазақстанда денсаулық сақтау мәселелеріне арналып, қазақ тілінде
шығып тұрған журнал. Оның 1929 ж, тамызда жарық көрген 1-санының 36 беті араб әріптерімен, 4
беті латын әріптерімен теріліп, 4 мың данасы тараған. "Д. ж-ның" жарыққа шығуына игі ықпал
еткен Қазақсан Денсаулық сақтау халық комиссары Мұхаметқали Тәтімов (1894 - 1938) алғашқы
жылдары бас редактор (1929 - 30) қызметін қоса атқарған. 1930 - 32 ж. Б.Әбдірахманов пен С.
Аспандияров бас редактор болды, X. Досмұхамедұлының мақалалары журналда жиі жарияланып
тұрған. 1932 ж. жұмысын тоқтатқан журнал 1990 ж. "Денсаулық" деген атпен қайта жаңғыртылып,
жүйелі шығып келеді.